Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді 2022-2023 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Соңғы қоңырау мерекесі құтты болсын!

31.05

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді 2022-2023 оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын! Соңғы қоңырау мерекесі құтты болсын!Келесі сыныпқа өткен мектеп оқушыларының көпшілігі үшін көптен күткен жазғы демалыс уақыты басталады.
Сіздерге осы жаздың үш айын тиімді өткізіп, 1 қыркүйекке күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.
Түлектер үшін оқу жылының аяқталуы – қызықты уақыт, алдағы өзгерістер мен қиын сынақтар уақыты.Сіздерге барлық қорытынды емтихандарды сәтті тапсырып, өмір жолын дұрыс таңдауларыңызды тілеймін. Бүгін Сіздер орта мектепті тәмәмдап, арман жетегінде сан тарапқа тарап, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыздар. Алтын ұя мектептеріңді, ұстаздарыңды ешқашан ұмытппаңдар. Құрметті ата – аналар бүгін Сіздер ерекше толқып, шаттыққа бөленіп тұрсыздар. Бала сіздердің болашаққа деген үкілі үміттеріңіз. Сіздерді бүгінгі тамаша қуаныштарыңызбен құттықтай отырып, бізбен бірге болған талай талай кездеріңіз, қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Мектепте оқитын әрбір бала үшін ата-ананың қолдауы маңызды. Сіздерге шыдамдылық, денсаулық және балаларыңыз үшін қуаныш пен мақтаныш үшін көбірек себептер тілеймін! Әріптестеріме жеке құттықтау сөздерін жолдағым келеді. Құрметті ұстаздар, сіздердің әрқайсыларыңыз балаларымыздың сапалы білім алуы үшін бәрін жасайсыздар, күн сайын балаларға жүректеріңіздің бір бөлігін, жан жылуын сыйлайсыздар. Баршаңызға шаттық көңіл-күй, үлкен табыс, өмірлік қуат, зор денсаулық тілеймін. Жұмыс сіздерге тек жақсылық әкелсін, ата-аналардың алғысына кенеле беріңіздер. Оқушыларыңыз аспандағы жұлдыздар сияқты жарықырай берсін!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер