Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

20.10

   Ел   мүддесін   бәрінен   биік   қоятын, өзінен  кейінгі   ізіне  ерген  інілеріне  ізеттігін  аямайтын, ізінен  ерген ұрпағына  ұлылығын  ұялатып, бір  қауымға  бас-көз  бола  білген  ауыл қарттарының  орны  ерекше, олай  болса әр   халықтың   бойында  ықылым   заманнан  бері   қалыптасып  оны  өзгелерден   даралап   тұратын, тек  өзіне  ғана  тән  қасиеттері  болады. Біздің  халқымыздың   сондай  ерекшеліктерінің  бірі – үлкенді  сыйлау, оның сөзіне  құлақ  асу. Қазақ   қарты  жасына   лайық  ауызы  дуалы, сөзі  берекелі, ісі   тыңғылықты   ойы   терең   ақылы   телегей   теңіз   болып   келеді.  Міне осындай  теңеуге   лайық  Қондыбай ауылының   қарияларын   жылына  бір   рет  келетін  Қарттар  мерекесін Чернигов орта мектебінде «Жолдасбай -Агро» ЖШС басшысы Жолдасбаев С.Қ , КХ «Выбор» жетекшісі Мурай В, Уалиханов аудандық ақсақалдар кеңесі, ЖМ «Диас» Кусленов Қ.А көрсеткен демеушілік көмегімен мектеп ұжымы қарттарды мерекелік дастарханға  шақырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты   мектеп оқушыларының  дайындаған  концерті  қойылды.
  Алғашқы  құттықтау сөздерін Ақтүйесай селолық округінің әкімі Алмас Есілбайұлы мен аудан әкімінің орынбасары Талғат Құрманғалиұлы  қарияларға арнап,жыл сайын ортамызда ақылшы болып жүре берулеріне тілек білдірді. Метеп жанындағы «Балбөбек» шағын орталығының бүлдіршіндері тәрбиеші Павлючек Зауреш Тлеулесқызының жетекшілігімен дайындаған тақпақтары мен «Балапан» биін тамаша биледі.

 «Мың бұралған бишілер» үйірме жетекшісі Жауарова Дина Болатқызының шәкірттері билерін ұсынды. Мектепке бекітілген жалғызбасты Мамчиц Мария әжейге мектептің атынан сыйлық тапсырылды.

Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата – анасын ардақ тұтып өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
     Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме .Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік  құқы бар. Бұл  моральдік  құқыны  құрметтей  білу керек .  Кім  де  кімнің  үйінде   қартайып  отырған  әке – шешесі  немесе атасы  мен  әжесі  секілді  қымбатты  «қонағы»  болса,  ол  үйіне  олардан артық  құдайдың  құрметті  өкілі  келеді  деп  ойламасын, егер  үйдің  иесі оларға  дұрыс  қарап, қамқорлық  жасаса  қартайған  ата – анасы  оның отбасының  құты  болып  табылады. Қарт  кісіні құт – береке   деп  танысақ ол  ұрпақ көрегендігі.Ұрпағы  құрметтеген  ата – ана  әр  кезде  де  бақытты.

Еліміздің   ертеңін, бабаларымыздың   мұрасын, халқымыздың  жақсы дәстүрін  бойымызға  сіңіріп, жалғастырып,  жамандықтан  аулақ, жаны  таза ел  жанды  ұрпақ  тәрбиелейік. Қарт  кісіні   аялап, мадақтап  жүрейік , ағайын.


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры