Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні»

01.12

       Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды.Егемен Қазақстанымыздың негізін салушы  - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президентіміз. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық  деңгейге көтерді. Тізгінді қолға алған күнінен-ақ Елбасымыз қазақстандықтарға  жарқын да кемел болашаққа  бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын уәде еткен.  Расында да, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттің 25 жылда биік әлемдік деңгейге жету Нұрсұлтан Назарбаевтың берік ұстанған бағыты. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Терезесі түгел елмен тең деңгейге жетті.Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздіктің Туы көкте көтерілді.  

           


       Міне, бүгінде еліміздің әр түпкірінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күні атап өтілуде . Біздің мектебімізде осы атаулы мерекеге арналған салтанатты жиын өтті. Аудандық ветеренария бөлімінің басшысы м.а. Бабағұмаров С.Б. қадірменді қонағымыз болды. Мектеп оқушылары Елбасына арналған өлең жолдарын  тебірене оқыса, шағын орталықта жұмыс жасайтын Қожахметова Нүргүл апайымыз тамылжыта ән салып мереке сәнін келтірді.Венинг Марина Ивановна мен Шамганова Асем Жұмабайқызы Елбасымыздың балалық шағы мен өмір жолдарына тоқтала кетті. Мектебімізде ауылдық кітапханашы Құрманкұлова Алма Тілемісқызы Елбасы еңбектері қойылған кітап көрмесін ұйымдастырып ,оқушыларды таныстырды. Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күні  аясында өткен «Шығармашылық сабағы» атты күні ата-аналармыз Шамғанов Нұрлыбек «Хан шатыр» макетін,Жангарин Есен «Пирамида» макетін балаларымен бірге жасап мектепке сыйлады.

             Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:
«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда»деген  сөздері  бізге асқак рух,күшбереді.
Қазақстан – бақытты елміз, Президентіміз танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер