«Қамқорлық пен сенім – мықты отбасының кепілі»
14.01.20262025 жылдың 26 желтоқсанында интернат ата-аналарымен әлеуметтік ұстаздың қатысуымен Zoom платформасы арқылы «Қамқорлық пен сенім – мықты отбасының кепілі» тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыстың мақсаты:
1. Ата-ана мен бала арасындағы сенімнің маңызын түсіндіру, отбасындағы қамқорлықтың тәрбиелік рөлін ашу, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.
Күн тәртібі бойынша төмендегі мәселелер қаралды:
1. «Қамқорлық пен сенім – мықты отбасының кепілі» тақырыбында баяндама;
2. Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
3. Тамақтың төлем ақы мәселесі;
4. Әр түрлі сұрақтар.
Жиналыс барысында ата-аналарға балаға қамқорлық пен сенімнің маңызы, қазіргі заманда бала тәрбиесінде диалог пен түсіндірудің рөлі туралы толық мәлімет берілді. Сонымен қатар қысқы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігіне қатысты ескертпелер айтылып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.
Обсуждения сообщества
День Знаний
1
411
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb
