Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған кітап көрмесі

15.02.2023

Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған кітап көрмесі

Кітапхананың оқу залында Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

15 ақпан - Ауған соғысынан өткен әрбір сарбаз бен офицер үшін есте қаларлық күн. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару 1988 жылы

15 мамырда басталды. Соңғы Кеңес әскерлері Ауғанстан мемлекетінен

1989 жылы 15 ақпанда кетті. Онжылдық Ауған соғысына 620 мыңға жуық кеңес әскері қатысты, оның ішінде 22 269 қазақстандық.

Қазақстандық жауынгерлер  батыл  және табанды түрде күресіп, батылдық пен табандылық  көрсетті, нағыз кәсіпқойлар сияқты әрекет етті.

Қазақстанның көптеген қалаларында Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алуға арналған мемориалдық кешендер құрылды. Жыл сайын бұл күні Ауған ардагерлерімен кездесулер өткізіліп, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылып, концерттер өткізіліп, соғыс жылдарындағы өлеңдер оқылып, әндер шырқалады.

Мұндай іс - шараның мақсаты - интернационалист-жауынгерлерге, Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларды есте сақтау және құрмет  көрсету. Кітап көрмесінде сол кездегі әскери оқиғаларға арналған материалдар, интернационалист -жауынгер  батырлары туралы кітаптар, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттеріндегі ардагерлердің естеліктері ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить