Президенттік олимпиада

12.10.2022

🔹Олимпиаданың өңірлік кезеңі 2022 жылғы 12 қазан күні сағат 10.00-де еліміздің барлық өңірлерінде бір мезгілде өтті. Іс-шараға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 11 сынып оқушылары қатысты. Әрбір қатысушы «Математика», «Физика», «Химия» және «Биология» пәндері бойынша тапсырмаларды орындауы тиіс. Есептерді шешуге 2 астрономиялық сағаттан аспайтын уақыт бөлінді.
🔹Біздің өңірден 211 оқушы қатысты. Олимпиада оқушылар Сарайында және «Бескөл мектеп-Колледжі» ЖШС-де өтті.
🔹Ашықтық пен академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданы өткізу процесі youtube арнасына трансляцияланатын аудиториялардың бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.
🔹Қатысушылардың жұмысын көруге арналған сілтеме біздің ресми сайтта.
Қатысушылардың жұмыстары шифрланып, тексеру үшін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамы арасынан облыстық қазылар алқасына берілді.
🔹Қорытынды хаттама олимпиада өткізілгеннен кейінгі күні біздің ресми сайтта жарияланады. Өңірлік кезеңнің нәтижелері бойынша 20 қатысушы іріктеу кезеңіне өтеді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить