Қош бол, лагерь!

15.06.2022

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 15 маусымда "№ 2 Новоишим орта мектебі" КММ "Солнечная поляна" мектеп жанындағы лагері ауысымының соңғы күні де келіп жетті. Уақыт өте тез өтті. Бұл күні балалар біздің тәлімгерлер дайындаған квестке қатысты, мультфильмдер көрді, саябақта ойнады, естелік суретке түсті. Содан кейін олар барлық балаларға ұнайтын сыйлықтар алды.

Біздің лагерь өмірі мазмұнды, танымдық, қызықты болды. Лагерьде өткен әрбір күн тәрбиеленушілер үшін тосын сый болды. 10 күн бойы "Солнечная поляна" лагерінде спорттық жарыстар, қозғалмалы ойындар, турнирлер, конкурстар, жарыстар, кездесулер өтті... Бос уақыт болмады. Біздің мектеп базасында ұйымдастырылған демалыс дене дамуы мен денсаулықты нығайту үшін жағдай жасады, балалардың бойында тәртіпті, еңбексүйгіштікті, достық пен ұжымшылдықты, жауапкершілікті тәрбиелеуге ықпал етті. Осы уақыт ішінде балалардың әрқайсысы өзіне ұнайтын іс тапты, өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсетті, достар тапты.

Қош бол, лагерь!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить