Жас мұраты , білім, тәлім- талабы
14.04.2021Жас мұраты , білім, тәлім- талабы...
Өнер, оқу- жастықтың қару жарағы, - деп Ілияс Жансүгіров айтқандай, рухани құндылықты білімді тек кітаптан ғана аламыз.
Жастар-кез келген мемлекеттің болашағы мен жарқын дамуының қозғаушы күші. Тәуелсіз мемлекеттің тұғыры биік болуына жастардың қосар үлесі мол. Осындай жастардың бірі Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия кітапханасының белсенді оқырманы, жас ұстаз Құбайдолла Бәйімбет Асылханұлы.
Бүгінгі күні #ОҚЫҒАНЫҢМЕН БӨЛІС челлендж аясында оқыған кітаптарымның ішіндегі көпшілікке оқуға кеңес беретін кітабым Сейдахмет Құттықадамның «Ұлтқа қызмет ету» кітабы.
Бұл кітапта өз отанына жасаған игі істерін тек отандастары ғана емес, дүниежүзі қауымдастығы мойындаған үздік реформатор-мемлекет басшылары жайлы әңгімеленеді. Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың жоғары және орта буын басшыларына арналған. Сондай-ақ, ол саясаттанушыларға, журналистерге, экономистерге, студенттер мен мемлекет басқару мәселелерін зерттеушілердің барлығына да қызықты. Экономикалық комментарийлері бар.
Бұл кітапта мына 10 лидердің өз мемлекетін қалай басқарғандығы, елін қиын жағдайлардан алып шыққандығы туралы жазылған:
1. Ататүрік
2. Рузвельт.
3. Экхард.
4. Дао Дэн.
5. Рональд Рейган.
6. Мандела.
7. Ли Куан Ю.
8. Махатхира.
9. "Темір" Тэтчер.
10. Лех Валенса.
"Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" деп Әлихан Бөкейхан айтпақшы, бұл кітапта осы тұлғалардың мінезі, жеке өмірі мен өмір стилі, принциптері, тіпті әлсіздіктері жайлы да керемет ойлар қозғалған. Қосымша, тарихи оқиғаларға экономикалық пікірлер де берілген.
P.S. Кейде санға ғана сананы бұрмай, жалпы картинаны көруге, логиканы түсінуге күш жұмсаған тиімдірек болып жатады. Сондықтан, осы кітапты оқуға кеңес беремін
Обсуждения сообщества
День Знаний
1
410
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb

