2020 жылғы 18 тамызда жыл сайынғы тамыз конференциясы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарының «Мектепке дейінгі білім беру - дамудың стратегиялық бағыты» тақырыбында секциялық отырысы өтті

19.08.2020

2020 жылғы 18 тамызда жыл сайынғы тамыз конференциясы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдары педагогтарының «Мектепке дейінгі білім беру - дамудың стратегиялық бағыты» тақырыбында секциялық отырысы өтті. Онлайн режиміндегі секция жұмысына мектепке дейінгі ұйымдардың және мектепалды даярлық сыныптарының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты. Секцияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды: 2020-2021 оқу жылында тәрбие - білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері, мектепке дейінгі ұйымның білім беру кеңістігінде 4К моделін дамыту, заманауи білім беру технологияларын қолдану.

Секция отырысы аясында «Табысты тәжірибе шеберханасы» атты шеберлік сыныптарының алаңы ұйымдастырылды. Отырыс соңында қатысушыларға пікір алмасуға, өз тілектері мен ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік берілді.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар ұсыныстар қабылдады. 

Іс-шараның бейнетрансляциясы сілтеме бойынша:






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить