Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

Тест тапсырмалары

20.05

 

                                                Тест тапсырмалары

 

1.Қай ғасырда Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады?

а) XX ғасырдың басы;

ә) XIX ғасыр;

б) XVIII ғасыр;

в) XVII ғасыр.

 

  1. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі себебі неде?

а) патша өкіметінің отарлык саясатының күшеюі;

ә) өкімшілік реформаның күшпен енгізілуі;

б) мал санының күрт төмендеуі;

в) қазақтардың майдан жұмысына алынуы.

 

  1. "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемагға айналды" деп айтқан қазақтың көрнекті қайраткері:

а) Т.Рысқұлов;

ә) М.Дулатұлы;

б) С.Сейфуллин;

в) А.Байтұрсынұлы.

 

  1. Дүниежузілік соғыс ауыртпалығына байланысты Верный уезінде қашан толқу болды?

а) 1916 жылғы маусым;

ә) 1914 жылғы ақпан;

б) 1916 жылғы қаңтар;

в) 1916 жылғы наурыз.

 

5.1916 жылғы көтерілістің басталуына қандай оқиға түрткі болды?

а) соғыстың ауыртпалығы;

ә) патшаның маусым Жарлығы;

б) революцияның әсері;

в) қоныстандырылу саясаты.

 

6.1916 жылға қарай патша өкіметі қазақтардың канша гектар жерін тартып алды?

а) 17 млнга;

ә) 30 млн га;

б) 32 млн га;

в) 40 млн га.

 

  1. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығында қазақтарға қатысты не айтылды?

а) қазақтардан майданға ұлттық әскери бөлімдер құру туралы;

ә) майдан кажетіне байланысты қазақтардың салықты көп төлеуі туралы;

б) майданның қара жұмысына қазақтардан адам алынатындығы туралы;

в) қазақтарды христиан дініне кіргізу туралы.

 

8.Жарлыққа сәйкес патша үкіметі қандай тактика қолданды?

а) халық арасында үгіт жүргізу;

ә) "бөліп ал да билей бер";

б) жергілікті байлармен ымыраласу;

в) кедейлерді күштеп әскерге алу.

 

  1. Патша жарлығына сәйкес Түркістан мен Дала өлкесінен қанша адам алу көзделді?

а) 100 000;

ә) 200 000;

б) 500 000;

в) 1000 000.

 

10.1916 жылғы козғалыс Қазақстанның қай жерінде болды?

а) Торғай, Жетісу;

ә) Орал, Торғай, Семей;

б) Торғай, Семей, Жетісу;

в) Қазақстанды түгел қамтыды.

 

11.1916 жылғы қозғалыс қай облыста белсенді түрде және ұзақ болды?

а) Сырдария;

ә) Семейде;

б) Торғайда;

в) Оралда.

 

  1. Кетеріліске шықкан халық бірінші кезекте нені жүзеге асырды?

а) отарлауға дейінгі басқару жүйесін қалпына келтірді;

ә) тізімдерді өртеді;

б) патша өкілдерін өлтірді;

в) патша өкіметімен келісімге келуге тырысты.

 

  1. Ұлт-азаттық қозғалыстың козғаушы күші кімдер болды?

а) қазақ зиялылары;

ә) қазақ жұмысшылары мен қолөнершілері;

б) кедейлер мен шаруалар;

в) хан тұқымдары мен байлар.

 

  1. Б.Әшекеев қай облыста көтерілістің жетекшісі болды?

а) Торғайдағы;

ә) Семейдегі;

б) Сырдариядағы;

в) Жетісудағы.

 

15.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Торғай уезіндегі басшысы кім?

а) А.Иманов;

ә) Б.Әшекеев;

б) Т.Бокин;

в) С.Сейфуллин.

 

16.Қазақ көтерілісшілеріне көмек көрсетуге байланысты өткен қазақ-қырғыз сьезі қашан, қай жерде болды?

а) 1916 жылғы 8 тамыз — Ақсу жайлауы;

ә) 1916 жылғы 16 тамыз — Орынбор;

б) 1916 жылғы 16 тамыз — Әулиеата;

в) 1916 жылғы 8 тамыз — Верный.

 

17.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс сипаты жағынан қандай болды?

а) патша өкіметінің саясатына қарсы шықты;

ә) ұлттық алауыздыққа қарсы;

б) империализмге, отаршылдыққа қарсы;

в) дүниежүзілік соғысқа қарсы.

 

  1. Патша өкіметі қара жұмысқа қанша жас алуға тиіс болды?

а) 23-49;

ә) 19-43;

б) 18—45;

в) 19—40.

 

  1. Көтерілістің жеңілуінің басты себептері неде?

а) бытыраңқылығы, ұйымшылдығының жеткіліксіздігі;

ә) ауызбірліктің жоқтығы, басшылардың сатқындығы;

б) патша әскерінің күштілігі, көтерілісшілердің әлсіздігі;

в) осы айтылғандардың бәрі.

 

20.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы қандай?

а) ұлт-азаттық қозғалыска ұласты;

ә) ұлттық сана-сезімі өсті;

б) мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтірді;

в) социалистік революцияға ұласты.

 

  1. Патша монархиясы қашан құлатылды?

а) 1917 жылғы 25 ақпан;

ә) 1917 жылғы 27 ақпан;

б) 1917 жылғы 25 қазан;

в) 1917 жылғы 21 қараша.

 

  1. Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы сипаты жағынан қандай болды?

а) социалистік;

ә) демократиялық;

б) буржуазиялық;

в) буржуазиялық-демократиялық.

 

  1. 1917 жылғы наурыз айында қай қалада жұмысшы және солдат Депутаттарының Кеңесі құрылды?

а) Өскеменде;

ә) Верныйда;

б) Орынборда

в) Пішпекте.

 

  1. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы комиссарларынан кімді білесіңдер?

а) М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы;

ә) Ә.Жангелдин, Т.Бокин;

б) Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев;

в) С.Сейфуллин. С.Меңдешев.

 

  1. 1917 жылдың көктемінде Торгай облысында қандай ерекше жағдай сақталып қалған еді?

а) көтерілістер болып жаткан;

ә) қос өкімет өзара қырқысуда болган;

б) ескі үкіметтің жазалаушы отрядтары әлі ойран салып жүрген;

в) ұлтаралық, шиеленіс болып жатқан.

 

  1. 1917 жылғы шілдеде тыл жұмысынан қайтқандар қай қалада "Қара жұмысшылар одағын" құрды?

а) Акмолада;

ә) Сергиопольде;

б) Верныйда;

в) Оралда.

 

  1. Ақпан революциясынан кейін 7 облыстан және Ордадан делегаттар қатысқан жалпы қазақ съезі қашан, қай қалада болды?

а) 1917 жылғы 20—25 наурыз — Семейде;

ә) 1917 жылғы 21—26 шілде — Орынборда;

б) 1917 жылғы 1—6 тамыз — Оралда;

в) 1917 жылғы 19—24 қараша — Торғайда.

 

  1. Мұсылмандардын Бүкілресейлік 1 съезі қашан болды?

а) 1917 жылғы мамыр;

ә) 1917 жылғы шілде;

б) 1917 жылғы ақпан;

в) 1917 жылғы наурыз.

 

  1. Тұңғыш мұсылман партиясы — Түркістан Федералистер партиясы қашан құрылды?

а) 1917 жылгы қыркүйек;

ә) 1917 жылғы сәуір;

б) 1918 жылгы ақпан;

в) 1917 жылғы тамыз.

 

30.1917 жылы Акмолада қандай жастар ұйымы құрылды?

а) "Жас қазақ";

ә) "Қазақ жастарының революциялык ұйымы";

б) "Қазақ мұсылмандар ұйымы";

в) "Жас алаш".

 

31.Кадеттер Ақпан революциясынан кейін Семейде қандай газет шығарды?

а)"Свободная речь";

ә) "Правда";

б) "Искра";

в) "Эхо революции".

 

  1. Қос өкіметке қандай үкіметтер енді?

а) Пролетариат диктатурасы мен Уақытша үкімет;

ә) Пролетариат диктатурасы мен жұмысшы, солдат депутаттарының съезі;

б) Монархиялық үкімет пен уақытша үкімет;

в) Уақытша үкімет пен жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі.

 

  1. "Алаш" партиясы қай жылы құрылды?

а) 1903 жылы;

ә) 1905 жылы;

б) 1916 жылы;

в) .

 

34.1917 жылдың жазына қарай эсерлер партиясының жергілікті ұйымдарының Кеңестерде рөлінің өсуіне не себеп болды?

а) мұсылман партияларымен одақ құруы;

ө) патша өкіметінің отарлау саясатын айыптауы;

б) ұйымда ұлт өкілдерінің көп болуы;

в) көтеріліске шақыруы.

 

  1. Ресейдегі кадет партиясы Ортальщ Комитетінің мүшесі болған қазақ:

а) Х.Досмұхамедов;

ә) Ә.Бөкейханов;

б) Ж.Ақбаев;

в) А.Ермеков.

 

36.1917 жылғы қыркүйек айында Орынбордағы жалпы қазақ съезі туралы материал жариялаған газет.

а) "Свободная речь";

ә) "Қазақ";

б) "Татар үні";

в) "Дала дауысы".

 

  1. 1905 — 1906 жж. I Думаға депутат болып сайланған "Алаш" партиясының негізін қалаушылардың бірі:

а) С.Асфендияров;

ә) Т.Рысқүлов;

б) С.Қожанов;

в) Ә.Бекейханов.

 

  1. "Оян, қазақ" атты саяси памфлеттің авторы кім?

а) М.Дулатұлы;

ә) Ә.Бөкейханұлы;

б) Ж.Аймауытов

в) М.Сералин

  1. «Мұсылмандар одағы» партиясы қашан кұрылды?

а) 1917 жылғы 17—20 қыркүйек;

ә) 1917 жылгы 20—25 қазан;

б) 1918 жылғы 6—11 сәуір;

в) 1918 ғ7—12 мамыр.

 

40.1917 жылғы 7 наурызда жұмысшы және солдат депутаттары Петроград кеңесі мен Мемлекеттік Дума мүшелерінін бірлескен мәжілісінде сөз сөйлеген қазақ, мемлекет кайраткері:

а) Т.Рыскұлов;

ә) О.Жандосов;

б) Ә.Жангелдин;

в) Ә.Бөкейханов.

 

  1. Кеңес өкіметінің Жер және бітім декреттерімен қатар қандай саясат жариялауы төңкерістің бүкіл ел көлемінде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рөл аткарды?

а) ұлт саясаты;

ә) экономикалық саясаты;

б) әлеуметтік саясаты;

в) әскери коммунизм саясаты.

 

  1. Әулиеата, Перовск, Черняев, Қазалы, Орал, Атырау, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Верный, Акмола гарнизондары большевиктер жағына қашан шықты?

а) 1917 жылғы қараша;

ә) 1917 жылғы қазан;

б) 1917 жылғы желтоксан;

в) 1918 жылғы қаңтар.

 

43.1918 жылғы маусымда Орынборда контрреволюциялык теңкеріс жасап, өкімет билігін қазақтардың әүкіметінің қолына көшірген кім?

а) Колчак;

ә) Анненков;

б) Дутов;

в) Деникин.

 

  1. Түркістан Халык Комиссарлары Кеңесі қашан орнады?

а) 1917 жылғы 21—22 қазан;

ә) 1917 жылғы 17—22 қараша;

б) 1917 жылғы 15—22 қараша;

в) 1917 жылғы 17—22 желтоқсан.

 

  1. Қазақстанда Кеңес өкіметі ең бірінші қай қалада орнады?

а) Верныйда;

ә) Перовскіде;

б) Черняевте

в) Қазалыда.

 

  1. IV Бүкіл түркістандық төтенше съездің шешімімен қандай мемлекет құрылды?

а) Алашорда;

ә) Бұхар Республикасы;

б) Түркістан автономиясы;

в) Қазақ Республикасы.

 

  1. Түркістан автономиясының тұңғыш Төрағасы әрі ішкі істер министрі кім болды?

а) М.Тынышбаев;

ә) М.Шоқай;

б) А.Байтұрсынұлы;

в) Ә.Бөкейханов.

 

  1. Алашорда үкіметінің алғашкы төрағасы кім?

а) М.Шоқай;

ә) М.Тынышбаев;

б) Ә.Бөкейханов;

в) А.Байтүрсынұлы.

 

  1. "Алаш" партиясының бағдарламасының жобасы қай газетке жариялаңды?

а) "Айқап";

ә) "Свободная речь";

б) Қазақ";

в)"Правда".

 

  1. Торғай уезінде кеңес өкіметінің жеңіп шығуына үлес қосқан кім?

а) А.Иманов;

ә) Т.Бокин;

б) С.Сейфуллин;

в) Т.Рысқұлов.

 

  1. Оралда Кеңес өкіметі қашан орнады?

а) 1918 жылғы 15 желтоқсан;

ә) 1918 жылғы 15 қаңтар;

б)1918 жылғы 15 наурыз;

в) 1918 жылғы 15 қараша.

 

  1. Семейдегі өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына қашан кешті?

а) 1918 жылғы 16 ақпан;

ә) 1918 жылғы 16 қаңтар;

б) 1918 жылғы 16 маусым;

в) 1918 жылғы 16 желтоқсан.

 

  1. Қазақстанның қай жерінде контрреволюцияның қауіпті ошағы қалыптасты?

а) Атырау;

ә) Семей;

б) Верный;

в) Орал.

 

  1. Жетісу облысында Кеңес өкіметі қашан орнады?

а) 1918 жылғы қаңтар;

ә) 1918 жылғы ақпан;

б) 1918 жылғы наурыз;

в) 1918 жылғы сәуір.

 

  1. Қазақ депутаттары Кеңестерінің Ақмола уездік съезі кашан Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады?

а) 1918 жылғы наурыз;

ә) 1918 жылғы ақпан;

б) 1918 жылғы қаңтар;

в) 1918 жылғы сәуір.

 

  1. Кеңес өкіметінің Алашордаға қарсы күресі 1918 жылдың көктемінде неден көрінді?

а) "Қазақ" газетін жабудан;

ә) Алашорданы толық жоюдан;

б) Алашорда басшыларын тұтқындаудан;

в) Қазақ халқын қуғындаудан.

 

  1. Қазақстанда кеңес өкіметінің жеңуіне байланысты бірінші кезек қандай жұмыстар жүргізіле бастады?

а) бұрынғы басқару жүйесін қалдырды;

ә) қоныстандыру жұмысын қолға алды;

б) жаңа Кеңестік өкімет органдары құрылды;

в) өнеркәсіптерді мемлекет мүлкіне айналдыру.

 

  1. Қазак АКСР-ін күру жөніндегі дайындық жұмыстары неге тоқтап қалды?

а) Бірінші дүниежүзілік соғыстың әсерінен;

ә) жаңа өкімет органдарын құру нәтижесінде;

б) ақ гвардияшылар шабуылы;

в) шетел интервенциясы және азамат соғысы.

 

  1. Кеңес өкіметі патшалык ұлт саясатын жою үшін қандай шара қолданды?

а) ұлттар арасындағы езара қатынастарды реттеу комитеттерін құрды;

е) ұлтаралық Ревком құрды;

б) ұлттық татулық жөнінде үгіт-насихат жүргізілді;

в) арнайы курстар жүргізілді.

 

  1. Ақмолада халыққа білім беру бөлімін кім басқарды?

а) Ә.Жангелдин

ә)С.Сейфуллин;

б) Т.Бокин;

в) А.Иманов.

 

  1. Бөкей облысында халыққа білім беру комиссары кім болды?

а) А.Байтүрсынұлы;

ә) Ә.Жангелдин;

б) С.Меңдешов;

в) С.Сейфуллин.

 

  1. Қазақстанда қай жылы шетел интервенциясы және азамат соғысы басталды?

а) 1918 жылғы 20 маусым;

ә) 1918 жылғы 31 мамыр;

б) 1918 жылғы 20 қазан;

в) 1918 жылғы 31 шілде.

 

  1. Алғашқы кеңестік үлгідегі "Қазақ" атты әскер полкі қашан құрылды?

а) 1920 жылғы күзде;

ә) 1919 жылғы қыста;

б) 1918 жылғы күзде;

в) 1919 жылғы жазда.

 

  1. Черкасск қорғанысы кай жерде болды?

а) Орынбор маңында;

ә) Батыс Қазақстанда;

б) Солтүстік Қазақстанда;

в) Жетісуда.

 

  1. Ә.Жангелдиннің интернационалдық экспедициясы қай майданға қару-

жарақ әкелді?

 

 

а) Ақтөбе майданына;

 

 

ә) Түркістан майданына;

 

 

б) Орал майданына;

 

 

в) Жетісу майданына.

 

 

 

 

 

66. Азамат соғысында

қанша млн адам қаза

 

тапты?

 

а) 6 млн;

 

 

ә) 8 млн;

 

 

б)10млн;

 

 

в) 4 млн.

 

 

 

  1. Атамандар Дутов пен Анненковтың казактарының ерекше қатыгездігі мен жауыздығы туралы қандай газетте жазылды?

а)"Қазак";

ә) "Омский вестник";

б) "Правда";

в) "Известия".

 

  1. Семей қаласында 1927 жылғы шілдеде өткен ашық сот процесінде қай атаман жазаға тартылды?

а) Колчак;

ә) Дутов;

б) Анненков;

в) Деникин.

 

  1. Черкасск қорғанысының Қазақстаңдағы азамат соғысында кандай рөлі болды?

а) Колчак әскерін Орынборға жібермеді;

ә) Ақтөбе майданына тікелей жәрдемін тигізді;

б) Сібір контрреволюциясы мен Орта Азияның контрреволюциясының бірігуіне жол бермеді;

в) Орал майданы мен Жетісуда шабуыл тоқтатылды.

 

  1. Орал майданы қашан жойылды?

а) 1920 жылғы 5 қаңтар;

ә) 1917 жылғы 25 қазан;

б) 1920 жылғы 1 сәуір;

в) 1918 жылғы 18 кацтар.

 

  1. Бұрынғы Алашорда мүшелері мен Кеңес өкіметінің арасыңдагы ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуде қай казак гуманисінің әрі ағартушысының еңбегі зор болды?

а) М. Дулатұлы;

ә) М.Шоқай;

б) Ә.Бөкейханов.

в) А.Байтұрсынұлы

 

72.«Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары жүзеге асырылды?

а) 1931—1934 жылдар;

ә) 1921—1929 жылдар;

б)1918—1921 жылдар;

в) 1921—1925 жылдар.

 

  1. Қазак АКСР-ін құру туралы декрет қашан шықты?

а) 1920 жылғы 6 қазан;

ә) 1920 жылгы 1 тамыз;

б) 1920 жылғы 20 тамыз;

в) 1920 жылғы 5 желтоқсан.

 

  1. Қазақ АКСР-ін қүұрған Қүұрылтай съезі қашан, қай қалада шақырылды?

а) 1925 жылы 25 тамызда Қызылордада;

оә1921 жылы 10 ақпанда Ташкентте;

б) 1922 жылы 6 ақпанда Актөбеде;

в) 1920 жылы 4 қазанда Орынборда.

 

а) С.Сейфуллин;

ә) А.Байтұрсынұлы;

б) С.Меңдешов;

в) Ә.Бөкейханов.

 

  1. Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің тұңғыш төрағасы кім?

а) С.С.Песковский;

а) В.А.Радус-Зенкович;

б) А.Акушев;

в) А.Авдеев.

 

  1. Қазревкомның өзін "Қазақ елінің үкіметі" деп атаған Алашорданы тарату туралы шешімі қашан қабылданды?

а) 1920 жылғы 9 наурыз;

ә) 1920 жылғы 4 қазан;

б) 1919 жылғы 9 қаңтар;

в) 1918 жылғы 4 шілде.

 

  1. Қазревком қандай газет шығарды?

а) "Қазақ";

ө) "Большевик";

б) "Ұшқын";

в) "Қызыл сұңкар".

 

  1. Қазақстанда Кеңес өкіметі жолындағы күресті ұйымдастырушылардың бірі, Торғай облысының әскери комиссары, Дала өлкесінің Төтенше және әскери комиссары кім?

а) Ә.Әлібеков;

ә) Ө.Жангелдин;

б) Т.Бокин;

в) Ә.Әйтиев.

 

  1. Жетісу майданы қашан жойылды?

а) 1920 жылғы қаңтар;

ә) 1920жылғы ақпан;

б) 1920 жылғы наурыз;

в) 1920 жылғы мамыр.

 

  1. Қазақ халқының социализмге өтуі экономикадағы қандай саясатқа тұспа-тұс келді?

а) әскери коммунизм саясаты;

ә) ЖЭС;

б) өтпелі кезең;

в) бесжылдықтармен даму кезеңі.

 

  1. ЖЭС-ка көшуді мақұлдаған облыстық бірінші құрылтай қай қалада, қай жылы болды?

а) Орынбор –1921 жылғы маусым;

ә) Ташкент – 1921 жылғы мамыр;

б) Акмола – 1922 жылғы ақпан;

в) Семей – 1922 жылғы шілде.

 

  1. Қай қала 1920—1924 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды?

а) Ташкент;

ә) Акмешіт;

б) Түркістан;

в) Орынбор.

 

84.Әскери коммунизм саясатына қарсы 1921 жылдың бас кезінде шаруалардың көтерілісі болған губернияны атаңдар.

а) Жетісу;

ә) Орал;

б) Астрахан;

в) Қостанай.

 

  1. 1921 жылғы жер реформасы негізінде 1916 жылы тартып алынған жерді қайтарып беру Қазақстанның қай бөлігінде жүргізілді?

а) Торғайда;

ә) Оңтүстік Қазакстанда;

б) Жетісуда;

в) Шығыс Қазақстанда.

 

  1. Салық төлеудің ақшалай формасы қашан енгізілді?

а) 1924 жылғы 11 ақпан;

ә) 1923 жылғы 20 қаңтар;

б) 1924 жылғы 1 қаңтар;

в) 1925 жылғы 1 қаңтар.

 

  1. Ауыл шаруашылығында ЖЭС-ке кешу қандай өзгерістермен көрінді?

а) Ұжымдастырудан;

ә) МТС-тердің құрылуынан;

б) Салықты салғыртпен алмастырудан;

в) Салғыртты салықпен алмастырудан.

 

  1. ЖЭС жылдарында Оңтүстік Қазакстанда мақта өсіретін қандай совхоз ұйымдастырылды?

а) "Пахтарал";

ә) "Мақтаарал";

б) "Арыс";

в) "Ленин".

 

  1. Жергілікті маңызы бар кәсіпорындар қандай кеңестің қарауына біріктірілді?

а) Қазақ қкеңесі;

ә) Губерниялық кеңес;

б) КСРО Орталық кеңесі.

в) КСРО Орталық кеңесі.

 

  1. ЖЭС жылдарында жұмыс істеген одақтық маңызы бар трестердің бірін атандар.

а) "Павлодарсоль" тресі;

ө) "Алтайзолото" тресі;

б) "Алтайказполиметалл" тресі;

в) "Казспирт" тресі.

 

  1. Карсақбайда қай жылдан бастап мыс ендіріле бастады?

а) 1926 жылы;

ә) 1927 жылы;

б) 1928 жылы;

в) 1929 жылы.

 

  1. 1927 жылы республикада қанша губерниялық жәрмеңке саудасы жұмыс істеді?

а)15;

ә)10;

б)13;

в) 20;

 

  1. ЖЭС қай жылға дейін созылды?

а) 1941 жылға дейін;

ә) 1937 жылға дейін;

б) 1932 жылға дейін;

в) 1929 жылға дейін.

 

  1. КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы қай жылдарды қамтыды?

а) 1927—1931 жылдар;

ә) 1928—1932 жылдар;

б) 1929—1933 жылдар;

в) 1935—1940 жылдары.

 

  1. Қазақстан экономикасында бұрынгысынша халық шаруашылығының қай жағы басым еді?

а) ауыл шаруашылығы;

ә) өнеркәсіп;

б) ұсақ тауарлы өндіріс;

в) мал шаруашылығы.

 

  1. Голощекиннің "Кіші казан" бағытына сөйкес индустрияландыру идеясы қалай көрініс тапты?

а) өнеркәсіпті ірілендіру бағыты;

ә)  өнеркөсіптегі отаршылдык қалдықтарды жоя отырып қайта құру;

б) өнеркөсіп орындарын шикізат көзіне жақын орналастыру;

в) өнеркәсіп саласын ірілендіру емес, ұсақ және орташа деңгейде ұстау.

 

97.Қазақстанды индустрияландырудың алғашқы құрылысын атаңдар.

а) Балкаш мыс қорыту комбинаты;

ә) Түрксіб теміржолы;

б) Шымкент қорғасын заводы;

в) Зырян полиметалл комбинаты.

 

  1. Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик кім?

а) Қ.Сәтбаев;

ә) И.М.Губкин;

б) Н.С.Курнаков;

в) Н.Н.Добромыслов.

 

  1. Жезқазған мысын зерттеген геолог-ғалымның есімін атаңдар.

а) И.М.Губкин;

ә) Н.С.Кункаев;

б) Семенов—Тян-Шанский;

в) Қ.Сәтбаев.

 

  1. Түрксібке көмектесу үшін РКФСР үкіметі жанынан ұйымдастырылған арнаулы комитетті кім басқарды?

а) С.Сейфуллин;

ә) Т.Рысқұлов;

б) Н.Нұрмақов;

в) С.Сәдуақасов.

 

  1. Түрксіб теміржолының 266,5 шақырым болатын учаскелерінін бірі – Жетісу жолы қанша айда салынды?

а) 3 айда;

ә) 9 айда;

б) 7 айда;

в) 5 айда.

 

  1. 5 жылға жоспарланған Түрксіб теміржолы қанша жылда салынып бітті?

а) 5 жылда;

ә) 3 жылда;

б) 4 жылда;

в) 3,5 жылда.

 

  1. Түрксіб теміржолы қай жылы пайдалануға берілді?

а) 1929 жылы;

ә) 1930 жылы;

б) 1931 жылы;

в) 1932 жылы.

 

  1. Соғысқа дейін Қазакстанда қандай қорғасын зауыты салынды?

а) Жезқазған;

ә) Шымкент;

б) Ащысай

в) Қарағанды.

 

  1. "Екінші Бакуге" айналған мұнай өнеркәсібін атаңдар.

а) Доссор;

ә) Ембі;

б) Маңғыстау;

 в) Бесшатыр.

 

106.Индустрияландыру міндеті — КСРО өз бетінше өнім шығаратын  машиналар мен жабдықтар еліне айналады деген тұжырым Қазақстанда орындалды ма?

а) индустрияландыру жүзеге асырылды;

ә) шикізат көзі ретінде база болып қала берді;

б) орта және ұсақ кәсіпшілік басым болды;

в) бесжылдық жоспарлар жоғарыдан күшпен жүзеге асырылды.

 

  1. 1930 жылдың ортасында бүкілодақтық көлемде жұмыла салынған Казақстандағы мыс балқыту комбинатын атаңдар.

а) Балкаш;

ә) Жезқазған;

б) Теміртау;

в) Лениногорск.

 

  1. Стаханов қозғалысының озаты, оның ізбасары болған қарағандылық шахтердің есімі кім?

а) Б.Ықыласов;

ә) Ш.Берсиев;

б) Т.Күзембаев;

в) А.Сафин.

 

  1. Республикада түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының түңғыш слеті кашан болды?

а) 1935 жылы желтоқсанда;

ә) 1934 жылы қарашада;

б) 1935 жылы қазанда;

в) 1936 жылы желтоқсанда.

 

  1. Еңбек ұжымдарындағы "жаппай стахановшыландырудың" қандай әсері болды?

а) жекелеген адамдарға рекордтар жасау үшін жайлы жағдайлар жасалды;

ә) ешқандай әсері болмады;

б) жаппай рекордтар жасауға кірісті;

в) индустрияландырудың даму қарқынын шапшаңдатуға зор үлес қосты.

 

  1. Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1935 жылы қанша пайыз болды?

а) 19,8%;

ә) 25%;

б) 38%;

в) 43%.

 

  1. Ұжымдастыру қарсаңында үкімет қандай шараны іске асырды?

а) ауыл шаруашылығы кадрларын дайындады;

ә) ірі байларды тәркіледі;

б) совхоздарды құрды;

в) жер-су реформасын жүзеге асырды.

 

113.1926 жылдың көктемінде ауыл еңбекшілері бұрын байлардың иелігінде болып келген жерден қанша млн га егістік жер алды?

а) 1,14млн га;

ә) 1,35млн га;

б)1,25млн га;

в)0,25млн га.

 

  1. Қазақстанда ірі байларды тәркілеу қай жылы басталды?

а) 1939 жылы;

ә) 1934 жылы;

б) 1928жылы;

в) 1925 жылы.

 

115.1928 жылғы 2 7 тамыздагы тәркілеу және жер аудару туралы декреттің шығу себебі неде?

а) теңгермешілік принципіне сүйене отырып;

ә) ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деп есептелді;

б) аграрлы реформаны жүзеге асыру үшін;

в) байлар мен жартылай феодалдардың қарсылық қозғалысының өрістеуіне байланысты.

 

  1. Ұжымдастыруды қашан аяқтау көзделді?

а) 1929 жылы;

ә) 1931 жылы;

б)1932 жылы;                                                                                        

в) 1933 жылы.

 

  1. Ұжымдастыру қандай әдіс-тәсілмен жүзеге асырылды?

а) келісімге келе отырып;

ә) әкімшілдік күштеу әдісімен;

б) ерікті түрде жүргізілді;

в) кедейлердің мүдделерін көздей отырып.

 

118.1931—1933 жылғы ашаршылық қарсаңындағы қазақ халқының саны қанша?

а) 10 млн;

ә) 7,5 млн;

б) 6,2 млн;

в) 4,3 млн.

 

  1. 1931 – 1933 жылғы ашарылықта қанша қазақ қырылды?

а) 2,1 млн;

ә) 3,5 млн;

б) 1,5 млн;

в) 0,5 млн.

 

120.1929 жылғы Қазақстандағы мал саны қанша болды?

а) 29,9 млн;

ә) 35,7 млн;

б) 38,6 млн;

в) 40,5 млн.

 

121.1933 жылғы 1 қаңтарда республикада қанша мал саны қалды?

а) 4,5 млн;

ә) 10 млн;

б) 25 млн;

в) 40,5 млн.

 

  1. Қазақстанда тек 1933 жылы ОГПУ өкілдері қанша адамды қамауға алды?

а) 25 000 астам;

ә) 20 000 астам;

б) 21 000 астам;

в) 22 000астам.

 

123.1931—1933 жылдары қанша қазақ республикадан тыс жерге кетті?

а) 1 миллионнан астам;

ә) 2 млн;

б) 0,5млн;

в) 2,2 млн.

 

  1. Республикадан тыс жерге көшіп кеткен қазақ халқының қаншасы Қазақстанға оралған жоқ?

а) 616 000

ә) 414 000:

б) 500 000

в) 1 000 000.

 

125.1930—1932 жылдары аштық тарихқа қандай атпен кірді?

а) "Зұлмат";

ә) "Жасанды аштык";

б) "Ұлы жұт"; а) "Кіші қазан".

 

  1. 1932 жылдың шілде айында жазылған "Бесеудің хаты" кімге арналды?

а) Сталинге;

ә) Голощекинге;

б) Құрамысовқа;

в) Калининге.

 

127.1933 жылы елдегі жағдайды баяндап Сталинге хат жазған қайраткер кім?

а) Ғ.Мүсірепов;

ә) М.Әуезов;

б) Т.Рысқұлов;

в) Е.Алтынбеков.

 

  1. Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы болған Созақ көтерілісі қашан басталды?

а) 1929 жылғы 27 кыркүйек;

ә) 1929 жылгы 29 кыркүйек;

б) 1930 жылғы 2 ақпан;

в) 1930 жылғы 26 наурыз.

 

  1. Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қанша жаппай толқулар мен көтерілістер болды?

а)152;

ә) 270;

б) 305;

в) 372.

 

  1. Бүкіл республикаға күшті әсер еткен, "бұзақы басмашылар қозғалысының көрінісі" деп бағаланған қай көтеріліс еді?

а) Созак көтерілісі;

ә) Бостандык көтерілісі;

б) Қорам болысындағы көтеріліс;

в) Бетпакққара көтерілісі.

 

  1. Қиыр Шығыстан корейлер Қазақстанға қай жылы көшірілді?

а) 1938 жылы қарашада;

ә) 1933 жылы қазанда;

б) 1932 жылы наурызда;

в) 1930 жылы қарашада.

 

  1. Екпінді колхозшылар съезі қашан болды?

а) 1934 жылы қарашада;

ә) 1935 жылы қаңтарда;

б) 1935 жылы ақпанда;

в) 1936 жылы мамырда.

 

  1. Сталиндік жаппай қуғын-сүргін қай жылдары болды?

а) 1928—1930 жылдар;

ә) 1931—1933 жылдар;

б) 1934—1936 жылдар;

в) 1937—1938 жылдар.

 

  1. Қазақ АКСР-і қашан Қазақ КСР-і болып құрылды?

а) 1921 жылы;

ә) 1925жылы;

б) 1936 жылы;

в) 1941 жылы.

 

  1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш сайлауы қай жылы болды?

а) 1932 жылы;

ә) 1934 жылы;

б)1936жылы;

в) 1938 жылы.

 

  1. 2 рет қуғын-сүргінге ұшыраған, қазақ тіл білімінің негізін қалаған қайраткер, ғалым кім?

а) А.Байтұрсынұлы;

ә) Ж.Аймауытов;

б) М.Дулатұлы;

в) Қ.Жұбанов.

 

137.1930 жылғы 4 сәуірде атуға үкім шығарылған қазак жазушысы кім еді?

а) А.Байтұрсынұлы;

ә) М. Дулатұлы;

б) Ж.Аймауытов;

в) С.Сейфуллин.

 

  1. Жазалау шараларының құрбаны болған тарихшы ғалымның есімі кім?

а) Н.Нұрмақов;

ә) С.Асфендияров;

б) М.Төлепов;

в) Е.Бекмаханов.

 

  1. Қазақ КСР-інің алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?

а) 1936 жылғы желтоқсан;

ә) 1938 жылғы 15 наурыз;

б) 1936 жылғы 15 желтоқсан;

в) 1937 жылғы 18 маусым.

 

  1. Ақмола — Қарталы теміржолының қандай маңызы болды?

а) Орталық Қазақстанның өнеркесіпті аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды;

ә) Қазақстанды Орта Азияның басқа республикаларымен байланыстырды;

б) Қазақстанды Ресейдің орталығымен байланыстырды;

в) Орталық Қазақстан мен Қазақстанның басқа аймақтарын байланыстырды.

 

  1. Бесжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан мұнай мен көмір өндіруден нешінші орында болды?

а) бірінші;

ә) үшінші;

б) төртінші;

в) алтыншы.

 

142.1940 жылы республикада қанша ірі кәсіпорын жұмыс істеді?

а) 2580;

ә) 2660;

б)1800;

в) 3000.

 

  1. Соғыс қарсаңында ауыл шаруашылығында қанша жұмысшы еңбек етті?

а) 150 000;

ә) 120 000;

б) 46 000;

в) 100000.

 

  1. 1937 жылы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесіне қанша депутат сайланды?

а) 38;

ә) 40;

б) 44;

в) 52.

 

  1. Экономика мен мәдениет салаларында қол жеткізген табыстардың қандай теріс әсері болды?

а) халық өзінің салт-дәстүрін ұмытты;

ә) халықтың тұрмысы, әл-ауқаты әлсіреді;

б) Қазақстан Ресейдің көлеңкесіне айналды;

в) Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.

 

  1. Қанша қазақстандық ГУЛАГ-та азап шекті?

а) 100 000;

ә) 101 000;

б) 105 000;

в) 110 000.

 

  1. Репрессия жылдарында қанша қазақстандық жазықсыз атылды?

а) 50 мыңға жуық;

ә) 30 мыңнан астам;

б) 43 мыңдай;

в) 27 мыңнан астам.

 

  1. 1939 жылы социалистік жарыстың жеңімпазы ретінде Ленин орденімен марапатталған кәсіпорынды атаңдар.

а) Балқаш мыс қорыту комбинаты;

ә) Зырянов полиметалл зауыты;

б) Шымкент қорғасын зауыты;

в) Текелі полиметалл комбинаты.

 

149.1920 жылдары шыққан алғашқы суретті әліппенің авторы кім?

а) Ж.Аймауытов;

ө) А.Байтұрсынұлы;

б) С.Сейфуллин;

в) Ә.Бөкейханов.

 

  1. Орта мектепке арналган қазакқ тіліндегі алгашқы алгебра оқулығының

авторы кім?

а) Ә.Бөкейханов;

ә) Ж.Аймауытов;

б) Қ.Сәтбаев;

в) М.Дулатұлы.

 

  1. Алғашқы қазақша география оқулығының авторы кім?

а) Ж.Аймауытов;

ә) Қ.Сәтбаев;

б) М.Жұмабаев;

в) Ә.Бөкейханов.

 

  1. Қазақ мемлекеттік университеті қай жылы құрылды?

а) 1924 жылы;

ә) 1928 жылы;

б) 1934 жылы;

в) 1938 жылы.

 

  1. Алматыда ашылған алғашқы жоғарғы оқу орнын атаңдар.

а) Қазақ мемлекеттік университеті;

ә) Қазақ мемлекеттік медицина институты;

б) Қазақ педагогикалық институты;

в) Ауыл шаруашылығы институты.

 

  1. 1935 жылы шыққан "Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы" кітабының авторы кім?

а) С.Асфендияров;

ә) Т.Рысқұлов;

б) Е.Бекмаханов;

в) М.Тынышбаев.

 

  1. Қазақстанда ең алғаш жоғары оқу орны қашан ашылды?

а) 1918 жылы;

ә) 1928 жылы;

б) 1938 жылы;

в) 1948 жылы.

 

  1. Қазақстан ғылымының дамуында 1932 жылы қандай жаңалык болды?

а) Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды;

ә) КСРО Ғылым академиясы Қазақстан базасы құрылды;

б) КСРО Ғылым академиясы Қазақстан филиалы құрылды;

в) Қазакстанды зерттеу қоғамы құрылды.

 

  1. "Қазақ халкқының 1000 әні" мен "Қазак халқының 500 әні мен күйі жинағын шығарған композитор-этнографтың есімін атаңдар.

а) А.Жұбанов;

ә) А.В.Затаевич;

б) Е.Брусиловский;

в) Б.В.Асафьев.

 

  1. "Ленфильм" киностудиясы түсірген тұңғыш қазақ көркем фильмі:

а) "Түрксіб";

ә) "Қыз Жібек";

б) "Амангелді";

в) "Қозы Көрпеш — Баян сұлу"

 

159.1927 жылы шыққан қазақтың қай романында 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі, Азамат соғысы баяндалады?

а) "Менің құрдастарым";

ә)"Бекболат батыр";

б) "Тар жол, тайғақ кешу";

в) "Ботагөз".

 

  1. Тұңғыш қазақ ұлттық театры қандай пьесамен ашылды?

а) "Еңлік — Кебек";

ә) "Қыз Жібек";

б) "Отелло";

в) "Ревизор".

 

  1. Тұңғыш ұлттық қазақ театры қашан, қай қалада ашылды?

а) 1921 жылы Семейде;

еә) 1924 жылыОралда;

б) 1931 жылы Алматыда;

в) 1926 жылы Қызылордада.

 

  1. Театрдың тұңғыш режиссері кім болды?

а) Ә.Қашаубаев;

ә) Ж.Шанин;

б) С.Қожамқұлов;

в) А.Тоқпанов.

 

  1. Алматыдағы ұйғыр драма театры қашан ашылды?

а) 1926 жылы;

ә) 1928 жылы;

б) 1931 жылы;

в) 1933 жылы.

 

  1. Гете, Гейне, Горькийді алғаш аударған қазақ ақынының есімін атандар.

а) Ш.Қүдайбердиев;

ә) С.Торайғыров;

6) М.Жұмабаев;

в) С.Ерубаев.

 

  1. "Интернационалды" қазақшаға аударған кім?

а) Ж.Аймауытов;

ә) М.Жұмабаев;

б) І.Жансүгіров;

в) С.Сейфуллин.

 

  1. Корей театры қашан, қай қалада ашылды?

а) 1937 жылы Қызылорда;

ә) 1927 жылы Алматы;

б) 1931 жылы Шымкент;

в) 1928 жылы Семей.

 

  1. Қазақ мемлекеттік музыка (қазіргі опера жене балет) театры қашан ашылды?

а) 1930 жылы;

ә) 1932 жылы;

б) 1934жылы;

в) 1936 жылы.

 

  1. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы қашан құрылды?

а) 1930 жылы;

ә) 1932 жылы;

б)1934жылы

в) 1936 жылы.

 

  1. Мескеуде қазақ өнерінің алғашкы онкүндігі қашан өтті?

а) 1936 жылы;

ә) 1937 жылы;

б) 1938 жылы;

в) 1939 жылы.

 

  1. Онкүндікте көрсеткен өнері үшін "КСРО Халык әртісі" атағы кімге берілді?

а) К.Байсейітоваға;

ә) Қ.Қуанышбаевқа;

б) Ә.Қашаубаевқа;

в) И.Байзаковқа.

 

  1. П.Г.Хлудовтың шәкірті, Қазақстаннын халық суретшісі атағын алғаш алған қазақ суретшісі кім?

а) Г.Исмаилова;

ә) Ә.Қастеев;

б) Ш.Уәлиханов;

в) С.Романов.

 

  1. Опера жөне балет театрында бір маусымда жүзден артық көрсетілген қойылымды атаңдар:

а) "Айман — Шолпан";

өә) "Қыз Жібек";

б) "Жалбыр";

в) "Қозы Көрпеш — Баян сұлу".

 

  1. Ұлттық қазақ театрына қай жылы Академиялық драма театры атағы берілді?

а) 1928 жылы;

ә) 1934 жылы;

б)1937 жылы;

в)1938 жылы.

 

 

  1. Фашистердің жоспары бойынша, КСРО жаулап алынғаннан кейін қандай отар елдің құрамына енуі керек еді?

а) Еділ — Орал колониясы;

ә) Кавказ колониясы;

б) Үлкен Түркістан;

в) Тұран.

 

  1. Немістер КСРО-ны қанша уақыт ішінде талқандаймыз деп есептеді?

а) 10—12 күнде;

ә) 1—2 айда;

б) 1 жылда;

в) 1,5 жылда.

 

  1. Соғыс әкономикасын соғыс жағдайына сай қайта құру деген нс?

а) экономиканы тек соғыс кажеттерін өтеу үшін қайта құру;

ә) қорғанысқа қажетті жаңа заводтар салу;

б) ауыл шаруашылығы өнімдерін майданға жіберу;

в) экономиканы басқаруды әскери комиссарларға беру.

 

  1. Генерал-майор Панфилов басқарган дивизия қай қалада жасақталды?

а) Ташкентте;

ә) Бішкекте;

б) Алматыда;

в) Қостанайда.

 

  1. Кеңес Одагынын Батыры Т.Тоқтаров қай жердегі шайқаста қаза тапты? а) Берлинді алуда;

ә) Мәскеу үшін шайқаста;

б) Ленинград қоршауында;

в) Жау тылында.

 

  1. Соғыс жылдарында әр гектардан 260 пұттан күріш жинаған атақты күрішшінің есімін атаңдар:

а) Ш.Берсиев;

ә) Ы.Жақаев;

б) З.Тамшыбаева;

в) Ы.Нұров.

 

180.1943 жылы әр гектардан 201 ц тары алып, дүниежүзілік рекорд жасаған кім?

а) Ш.Берсиев;

ә) Ким Ман Сам;

б) Ы.Жақаев;

в) Ы.Нұров.

 

  1. Қазақстанға қай майдан жақын болды?

а) Мәскеу;

ә) Ленинград;

б) Сталинград;

в) Курск.

 

  1. Сталинград үшін шайқаста өшпес ерлік жасап, қаза тапқан минометші қазақ жігіті кім?

а) С.Баймағамбетов;

ә)Т.Тоқтаров;

б) Қ. Аманжолов;

в) Қ.Сыпатаев.

 

  1. Сталинград шайқасының қандай маңызы болды?

а) неміс армиясының жеңілмейді деген аңызын жоққа шығарды;

ә) Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс болды;

б) неміс армиясын толық жойды;

в) неміс армиясы шегінді.

 

  1. Жаудың 37 ұшағын атып түсірген қазақстандық ұшқыш кім?

а) Л.Беда;

ә) Т.Бигелдинов;

б) И.Павлов;

в) С.Луганский.

 

  1. Днепр үшін ұрыста ерлік көрсеткен ең жас қазақ батырын атаңдар.

а) Ж.Елеусізов;

ә) К.Аухадиев;

б) А.Үсенов;

в) Х.Қалиуллин.

 

  1. Қ.Сәтбаев соғыс жылдарында қандай еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық алды?

а) қарудың жаңа түрін тапқаны үшін;

ә) майданға ақшалай көмек көрсеткені үшін;

б) Жезқазған мыс кенін зерттегені үшін;

в) Қазақ КСР Ғылым академиясын басқарғаны үшін.

 

  1. Соғыс жылдарында Украинада партизан отрядын басқарған қазақ жігіті кім?

а) Ә.Шәріпов;

е) Р.Қошқарбаев;

б) Қ.Қайсенов;

в) Н.Көмекбаев.

 

  1. Берлинге ту тіккен қазақ жігіті кім еді?

а) М.Ғабдуллин;

ә) Р.Қошқарбаев;

б) Қ.Қайсенов;

в) Б.Момышұлы.

 

  1. М.Мәметова қай қала түбінде өшпес ерлік көрсетті?

а) Невель;

е) Смоленск;

б) Гомель;

в) Харьков.

 

  1. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ие болды?

а) 50 мыңдай;

еә) 100 мыңдай;

б) 1 мыңдай;

в) 500-ге жуық.

 

  1. Қанша қазақстандық "Батыр" атағын 2 рет алды?

а) 2 адам;

ә) 4 адам;

б) 6 адам;

в) 10 адам.

 

  1. Кеңес Одағының Батыры атағын үш рет алған Шымкенттегі Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі кім еді?

а) С.Луганский;

ә) И.Кожедуб;

б) И.Павлов;

в) Т.Бигелдинов.

 

  1. Соғыс қарсаңында Қазақстанға қанша поляк айдап әкелінді?

а) 100 000;

ә) 102 000;

б) 106 000;

в) 110 000.

 

  1. Соғыс жылдарында Қазакстанға қанша адам орналастырылды?

а) 890 698;

ә) 100 000;

б) 950 687;

в) 768 987.

 

  1. Алматы жастары қай ұшқышқа жойғыш ұшақ жасатып берді?

а) Т.Бигелдиновке;

ә) С.Луганскийге;

б) Л.Бедаға;

в) И.Павловқа.

 

  1. Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды?

а) 1945 жылы 22 мамырда;

ә) 1945 жылы 2 қыркүйекте;

б) 1945 жылы 9 мамырда;

в) 1945 жылы 2 мамырда.

 

  1. Екінші дүниежүзілік соғыс қашан аяқталды?

а) 1945 жылы 9 қыркүйекте;

ә) 1945 жылы 2 шілдеде;

б) 1945 жылы 2 қыркүйекте;

в) 1945 жылы 22 маусымда.

 

  1. Ғ.Мүсіреповтің соғыс жылдарында жазған романы қалай аталды?

а) "Өшпенділік";

ә) "Өмір не өлім";

б) "Шығанақ";

в) "Қазақ солдаты".

 

  1. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ақша реформасы қашан жүзеге асырылды?

а) 1945 жылы;

ә) 1946 жылы;

б) 1947 жылы;

в)1948жылы.

 

  1. Теөртінші бесжылдыкта өнеркесіп және азық-түлік тауарларының бағасы неше рет арзандатылды?

а) 2 рет;

ә) 1 рет;

б) 3 рет;

в) 4 рет.

 

  1. М.Әуезов өзінің «Абай» романының екінші кітабын қашан аяқтады?

а) 1949 жылы;

ә) 1948 жылы;

б) 1947 жылы;

в)1946 жылы.

 

  1. Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде қола және ерте темір дәуірінің археологиялык ескерткіші — Беғазы мәдениетін ашқан аса ірі қай тарихшының көзқарастары ғылымға жат деп жарияланды?

а) Массон;

ә) Алпысбаев;

б) Марғұлан;

в) Бекмаханов.

 

  1. Авторларының бірі Е.Бекмаханов болған "Қазақ ССР тарихы" атты күрделі еңбек қашан жарық көрді?

а) 1940 жылы;

ә) 1949 жылы;

б) 1943 жылы;

в)1946 жылы.

 

  1. Ащысай полиметалл комбинатының бір топ жұмысшылары мен ғалымдары прогрессивтік технологиялық процестерді жетілдіргені үшін қашан Лениндік сыйлықтың лауреаты болды?

а) 1960 жылы;

ә) 1965 жылы;

б) 1967 жылы;

в) 1966 жылы.

 

205.1965 жылы қай кен орны өзінің алғашқы мұнайын бере бастады?

а) Теңіз;

ә) Қарашығанақ;

б) Өзен;

в) Ақтөбе.

 

  1. Тың көтерген аймақтарды атаңдар.

а) Сібір, Солтүстік Кавказ, Қазақстан, Қиыр Шығыс;

ә) Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ;

б) Еділ бойы, Қазакстан, Орал, Қара топырақсыз Ресей;

в) Солтүстік Өзбекстан, Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Украина.

 

207.1945—1948 жылдар аралығыңда Кеңес әскері қатарынан қанша адам босады (демобилизацияланды)?

а) 7 млн адам;

ә) 8 млн адам;

б) 6,5 млн адам;

в) 8 млн адам.

 

  1. 1947 жылы қай қорғасын мырыш комбинаты өз өнімін алғаш рет берді?

а) Шымкент;

ә) Риддер;

б) Өскемен;

в) Жезказған.

  1. Соғысқа дейінгі бесжылдықта П.Акуловқа, Ж.Әбдірахмановқа, Т.Күзембаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Олар қандай еңбектері үшін осындай атаққа ие болды?

а) жоғары өнім алғаны үшін;

ә) ғылыми жаңалықтары үшін;

б) жақсы шопан болғандықтан;

в) шахтадағы екпінді еңбектері үшін.

 

  1. 1950 жылы Мойынты — Шу теміржолын салу аяқталды. Жолдың ұзындығы қанша шақырым еді?

а) 600 шакырым;

ә) 500 шақырым;

б) 483 шақырым;

в) 385 шакырым;

г) 260 шақырым.

 

  1. Қаракөл қойлары 1950 жылдары Делидегі, Нью-Йорктегі, Познаньдегі халықаралық аукциондарға қатысқан Жамбыл облысының шопанын атаңдар.

а) М.Әлиасқаров;

ө) А.Жоланов;

б) М.Шәріпов;

в) Ж.Қуанышбаев.

 

212.1954 жылдың тамыз айының басына қарай Қазақстаңда қанша гектар тың жер жыртылды?

а) 6,5млн га;

ә) 13,4млн га;

б) 28 млн га;

в) 25млн га.

 

213.1960 жылы Қазақстанда малдың саны қанша болды?

а) 20 млн бас;

ә) 37,4млн бас;

б) 46,4 млн бас;

в) 50 млн бас.

 

214.1950 жылдары Шығыстың қай елдерімен Қазақстанның халықаралық  байланыстары дамыды?

а) Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг;

ә) Үндістан, Индонезия, Бирма, Непал, ҚХР;

б) ҚХР, Тайланд, Пөкстан, Гонконг;

в) Пәкстан, Оңтүстік Корея, Сингапур, Үндістан.

 

  1. Ю.А.Гагарин ғарышқа қашан ұшты?

а) 1959 жылғы 12 сәуірде;

ә) 1960 жылғы 12 сәуірде;

б) 1961 жылғы 12 сәуірде;

в) 1962 жылғы 12 сәуірде.

 

216.1962 жылы қазақ халқы Қазақстан тұрғындарының қанша пайызын

кқұрады?

а) 56%;

ә) 43%;

б) 34%;

в) 29%.

 

217.1975 жылы Алматыда шыққан "Аз и Я" кітабының авторы кім?

а) І.Есенберлин;

ә) О.Сүлейменов;

б) А.Бек;

в) Н.Нұрмақов.

 

  1. Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целиноград жастары қашан қарсы шықты?

а) 1979 жылғы маусымда;

ә) 1986 жылғы маусымда;

б) 1989 жылғы маусымда;

в) 1990 жылғы маусымда.

 

  1. Радиацияның әсеріне ұшыраған адамдардың денсаулығын медициналық тексеруден өткізу Қазакстанда қай жылдан бастап жүргізілді?

а) 1950 жылы;

өә) 1955 жылы;

б) 1962 жылы;

в) 1968 жылы.

 

  1. XX ғасырдың 1970 жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын ұсынған, сол үшін сотқа тартылып, түрмеде қайтыс болған ауыл шаруашылығы саласының кызметкері кім?

а) И.Головацский;

ә) С.Мұқанов;

б) И.Худенко;

в) Н.Ким.

 

221.1982 жылы қабылданған азық-түлік бағдарламасы неліктен нәтиже

бермеді?

а) ескі басқару жүйе аясында жасалғандықтан;

ә) шаруашылықтың түбегейлі мүддесін қорғамады;

б) экстенсивті тәсілдің жалғасуы;

в) аталғандардың барлығы.

 

  1. 1986 жылғы 17 – 18 желтоқсандағы Алматыдағы оқиғаның сипаты қандай болды?

а) демократиялық

ә) саяси;

б) ұлтшыл;

в) ұлт-азаттық.

 

  1. 2 Казақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Семей полигонын жабу туралы" Жарлыққа қашан қол қойды?

а) 1991 жылғы 28 сәуірде;

ә) 1991 жылғы 28 тамызда;

б) 1991 жылғы 28 қыркүйекте;

в) 1991 жылғы 28 желтоқсанда.

  1. Қазакстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басқару мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту туралы референдум қашан болды?

а) 1992 жылы;

ә) 1993 жылы;

б) 1994 жылы;

в) 1995 жылы.

 

  1. Ұлттық валюта — теңге қашан енді?

а) 1992 жылы;

ә) 1993 жылы;

б) 1994 жылы;

в) 1995 жылы.

 

  1. Н.Ә.Назарбаев "1986 жылғы 17—18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде" Жарлықты қашан шығарды?

а) 1989 жылғы 12 желтоқсанда;

ә) 1990 жылғы 12 желтоқсанда;

б) 1991 жылғы 12 желтоқсанда;

в) 1992 жылғы 12 желтоқсанда.

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қашан Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қазақстанның ядролық қаруды қолданбайтын еркін аймақ болатындығын мәлімдеді?

а) 1990 жылы;

ә) 1991 жылы;

б) 1992 жылы;

в) 1993 жылы.

 

  1. Атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сөтбаевтың 100 жылдығы қашан аталып өтті?

а) 1996 жылғы сәуір;

ә) 1997 жыліы сәуір;

б) 1998 жылғы сәуір;

в) 1999 жылғы сәуір.

 

  1. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторларын атаңдар.

а) Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов;

ә) М.Әлімбаев, Ж.Мәлібеков;

б) Ш.Ниязбеков, Х.Наурызбаев;

в) Ш.Уәлиханов, Ш.Ниязбеков.

 

  1. Қазақстан Республикасы Туының авторын атаңдар.

а) Ш.Ниязбеков;

ә) Ш.Уәлиханов;

б) Ж.Мәлібеков;

в) Х.Наурызбаев.

 

  1. Қазақстан Республикасының бірінші Гимні қашан қабылданды?

а) 1992 жылғы тамыз;

ә) 1992 жылғы қазан;

б) 1992 жылғы қараша;

в) 1992 жылғы желтоқсан.

 

  1. 80-жылдары республикада отын энергетика кешені — оның ішінде көмір өндіру дамып, одақ бойынша өндірілетін көмір көлемінің қанша пайызын кұрады?

а) 10,9%;

ә)17,6%;

б) 20,8%;

в) 25,3%.

 

  1. 70—80-жылдардағы республика экономикасының дамуындағы бас бағыт қандай болды?

а) жеделдету бағыты;

ә) нарықтық қатынаста даму бағыты;

б) шикізаттық-өндірушілік бағыт;

в) өңдеуші-өнеркөәсіптік бағыт.

 

  1. Қазак КСР-нің Жоғарғы Кеңесі 1989 жылы қыркүйекте қабылдаған заңы:

а) "Қазақ КСР-дегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңы";

ә) "Казак КСР-нің Еңбек туралы заңы"

б) КР "Жеке кәсіпкерлікті кқорғау және колдау туралы заңы";

в) "Қазақ КСР-дегі еркін экономикалық аймақ туралы заңы".

 

  1. 1989 жылы 28 ақпанда пайда болған, алдына ірі мақсаттар қойған антиядролық қозғалыс:

а) "Алаш";

ә) "Арал-Балқаш";

б) "Желтоқсан";

в) "Невада-Семей".

 

  1. 1989 жылы шілде айында Қарағанды көмір кенішінің ереуілге шыққан жұмысшылары қандай талап қойды?

а) экономикалық талаптар;

ә) әлеуметтік-мәдени талаптар;   

б) экономикалық, саяси талаптар;

в) тек саяси талаптар.

 

  1. 80-жылдардың соңына дейін Қазақстанның экспортқа шығаратын өнімінің 97 %-ы неден тұрды?

а) негізінен жедел өнеркөсіп өнімдері;

ә) техника, техникалық бөлшектер;

б) жартылай дайын өнімдер, астық;

в) шикізаттар, материалдар және жартылай дайын өнімдер.

 

  1. Ұлттық этнографиялық "Отырар сазы" оркестрін құрған сазгер:

а) Нұрғиса Тілендиев;

ә) Шамғон Қажығалиев;

б) Еркеғали Рахмадиев;

в) Әлібек Дінішев.

 

  1. Н.Назарбаевтың 1999 жылы баспадан шыккан "Жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру ісіне қосылған қомақты үлес" деп бағалаған еңбегі:

а) "Әділеттің ак жолы";

ә) "Сындарлы он жыл";

б) "Тарих толқынында";

в) "Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде".

 

  1. ҚР Парламенті "БАҚ туралы заң" қашан қабылдады?

а) 1999 жыл;

ә) 2001 жыл;

б) 2004 жыл;

в) 2005 жыл.

 

 

 

 

 


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры