«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша біздің «Айналайын» шағын орталығында түрлі іс-шаралар өткізілді

21.02.2018

«Біз шыныққан баламыз»

Мақсаты: балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге балаларға қыс туралы түсінік беру, қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру,қысқы ойын туралы түсініктерін байыту; ойын арқылы балаларды сабырлық, ептілік, шапшаңдық, жылдамдыққа, сондай-ақ өз жолдастарына деген қайырымдылық сезіміне тәрбиелеу.  Балалар шанамен сырғанап, қардан аққала жасап, қар атысып ойнады. Ойынды қызығушылықпен ойнады. Ойындарға белсенді қатысты.                                                 

«Менің елім-Қазақстан» атты ертеңгілік өтті.

Мақсаты: Отан туралы түсінік беру; өз еліне, жеріне деген патриоттық сезімін оятып, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру; балаларды Отансүйгішке тәрбиелеу. Балалар ортада шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне тілектерін білдірді. Әнұран , тақпақтар мен әндер айтылды. Екі топқа бөлініп мақал-мәтелдер айтып жарысты.

      Қазақ халқының ұлттық мұраларының бірі- ұлттық ойындар өйткені, ұлттық ойындар арқылы біз болашақ жас жеткіншектерді рухани сезімге тәрбиелей аламыз. «Ұлттық ойын ерекшіліктері» атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту,денені шынықтыру, құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі,адамгершілік қасиеттерін дамыту. Ұлттық ойындар туралы айтылды.  Мысалы «Тауық күрес», «Арқан арту», «Ханталапай»т.б. «Тауық күрес» ойынын балалар қызығушылықпен ойнады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить