«Тәуелсіздікті құрметтей білейік!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы

20.12.2017

           15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл толуына орай мектебімізде «Тәуелсіздікті құрметтей білейік!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Тәуелсіздік таңы атқанда, жырдан шашу шашқан қаламгерлеріміз аз болған жоқ. Сол шашудан шәкірттеріміз сайысқа өлеңді жоғары талғаммен таңдап алыпты.
           Іс-шараны  9 «ә»-сынып оқушылары Аманжол Берік пен Нурмуканова Даяна жүргізді. Сайыс басталғанға дейін көрермендер «Тәуелсіздік таңы» атты деректі бейнефильм тамашалады. Жүргізушілер іс-шараның ашылуын жариялағаннан кейін, мемлекеттік Гимн орындалды. Әділ қазылар алқасына оқу ісінің меңгерушісі Ш.Х.Омарова, тарих пәні мұғалімі Н.С.Утеев, бастауыш сынып мұғалімі А.Ш.Садуова сайланды.
           Сайысқа 2-10 сынып аралығынан  35 оқушы қатысты. Сондықтан, жүлделі орындар бастауыш сыныптар мен орта буын оқушыларына бөлініп қарастырылды.   Сайыскерлердің өнері төрт критерий бойынша бағаланды. Сайыста ерекше көзге түскен 5 «а»-сынып оқушысы Туружанов Рахат пен 7 «ә»-сынып оқушысы Омарова Сабина болды. Сайыскерлердің өнері 1, 2, 3-орындармен және 3 номинация бойынша бағаланды.
        Әділ қазылар төрелік жүргізіп жатқан кезде,  7 «а»-сынып оқушылары күмбірлеген күйімен, 9-сынып оқушысы Тәттігүл «Туған жер» атты әсем әнімен көрермендердің көңілін аулады.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның ұйымдастыруына жауапты - қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сағила Акановна Абдульманова .






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить