КВН саласында әзілдің аулын аралап, сатираның сорпасын сарқып ішіп жүрген жандар жетерлік. "Күле білу - өмір, күлкі болу - өлім, күлдіре білу - өнер" дейміз. Бір мезгіл сергіп, көңіл көтергенге не жетсін!
Қарашаның 24 күні Явленка аудандық мәдениет үйінде КВН ойынының «Астана – жарқын болашаққа Елбасымен бірге» атты аудандық жартылай финалы өтті. Бұл сайысқа 8 команда қатысты. КВН ойыншыларының әр түрлі бағыттағы өнерлері барша көрермендерді таңқалдырды. Соның бірі өткен жылы жеңімпаз атанған А. Шәжімбаев атындағы Явленка №3 орта мектебінің «Базар жоқ» командасы қатысып, финалға өтті.Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей