Бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі ел тірегі. Ендеше сапалы білім мен саналы тәрбие ұштасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет пен халық мүддесі орындалмақ. Жаңа ғасыр ерекше кезең. Бұл кезеңде ғасырлар бойы жинақталған іс-тәжірибелерімізге,бай мұраларымызға талдау жасалынып, жіктеліп, ойларымыз қорытылып,нәтижесінде белгілі бір жүйеге келу-өмір талабы «Адам ұрпағымен мың жасайды», «Не ексең соны орасың»-дейді қазақ нақылы. Замана ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып,еліміздің барынша қабілетті елу елдің қатарына қосу.Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңі болашағы-жастарға білім мен тәрбие беретін-мектеп болады.Қазақтың дарынды ұстазы А.Байтұрсынов «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек.»-деген екен.Ертең осы елге ие болып,тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп оқушылары.Бүгінгі бастауыш сынып балаларына арналған жаңа буын оқулықтары жаңаша оқытуды, бала-ның оқуына ықпал ететін оқыту әрекетін ұйымдастыруды талап етеді. Баланың жеке басын дамытудың басты кепілі-сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.
«Смирнов №2 орта мектебі» КММ 13.11.2017-24.11.2017 аралығындағы «Бастау» бастауыш сынып бірлестігінің «Білімнің іргетасы – бастауыш мектеп» тақырыбында мектебімізде бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігі өткізілді.
Апталықтың мақсаты оқушының оқуға деген құштарлығын одан сайын көбейту шығармашылық белсенділіктер арқылы.
- оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру;
- сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.
Өткізу принциптері: әрбір бала апталықтың барлық шараларына белсене қатысушы болып табылуы керек.
Барлық өткізілген ашық сабақтарда, сынып сағаттарында бастауыш сынып оқушылары белсене ат салысты.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологиялардың әдіс –тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді. Сабақтардың құрылымы жүйелі құрылды.Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілік қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді.
Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларымен практика жүзінде танысты
Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып мектеп директоры А.Е.Ақмамбаевамен бекітілді. Әр бастауыш сынып мұғалімі 1 ашық сабақ, 1 іс-шара өткізуге тиісті еді. Апталық қарсаңында бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің 1 қабаты тақырыпқа, мерекеге сай апталықтың түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі әдемі суреттермен, қабырға газеттерімен, гүлдермен безендірілді.
Бастауыш сынып апталығы 13 қараша күні 3 сабақтан кейін болатын үзілісте апталықтың ашылуын өткізуден басталды.
Даярлық топта тіл дамыту пәнінен Сергазиева Қ.М..ашық сабақ берді.Тақырыбы «Қысқы еңбек». Мұғалім сабақ жоспарын оқушылардың жас ерекшелігіне сай, қызығушылығы мен білім деңгейлеріне сай құрды. Оқушылар сабаққа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Мұғалімнің сабаққа дайындаған көрнекі құралдары эстетикалық талғамға сай болды. Мұғалім сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістеріне сүйене отырып жүргізді. Сабақ кезінде ойын элементтері орынды қолданылды. Оқушылар дыбыстық талдау жасап, өз ойларын, адамның қысқы еңбегі туралы білетіндерін айтумен болды. Бағалау кезеңінде мұғалім жұлдызшаларды қолданды. Сабақ жақсы деген бағаға өтті.
16 қараша күні Досмағамбетова Қ.Е. 4 сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақ өткізді. Мұғалімнің сабағына мұғалімдері қатысты. Сабақ әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған, оқушыларды қызықтыру мақсатында презентация дайындалды, презентацияға қарай отырып, оқушылар тапсырма түрлерін орындады. Оқушылар үшін сабақ қызықты жұмыс сабағы ретінде өтті. Интербелсенді тақта көрнекілік ретінде қолданылды.
20 қарашада күні Мейрамова С.С.1 сыныпта математика пәнінен «Кестені пайдаланып шығарамыз» тақырыбына байланысты ашық сабақ өткізді. Мұғалімнің сабақ жоспары әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Сабақта түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдістері барынша қолданылды. Сабақтың тақырыбын ашар алдында, үй тапсырмасы тексерілді. Кейін өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпқа көшті. Оқушылар оқу, сөйлеу дағдыларын көрсетті.
21 қараша күні Байтенова Ж.Т. 2 сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақ өткізді. Мұғалімнің сабағына мұғалімдері қатысты. Сабақ әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған, оқушыларды қызықтыру мақсатында презентация дайындалды, презентацияға қарай отырып, оқушылар тапсырма түрлерін орындады. Оқушылар үшін сабақ қызықты жұмыс сабағы ретінде өтті. Интербелсенді тақта көрнекілік ретінде қолданылды.
22 қараша күні сағат 13:00-де 2-4 сыныптар арасында математика және қазақ тілі пәндерінен олимпиада өтті. Олимпиадаға 11 оқушы қатысып, 3 жүлделі орындарға ие болды.
23 қараша күні сағат 15:00-де 3-4 сыныптар арасында математика және қазақ тілі пәндерінен олимпиада өтті. Биылғы оқу жылы бастауыш сыныптар арасында аудандық олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға 2,3,4-сынып оқушылары қазақ тілі, математика, орыс тілі пәндері бойынша 19 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
24 қараша күні сағат 13:00-де «Өнерлі өрге жүзер» атты өнерлі балғындар сайысы өтті. Өнерлілер сайысына әр сынып оқушылары ән, би, көрініс дайындаулары қажет еді. Бұл сайысқа даярлық топ оқушылары барынша жауапкершілікпен қарап, өз өнерлерін өте жақсы көрсетті. Ән де айтты, бәрі қосылып би билеп, көрініс те көрсетті. Сайысты қорытындылай келе әділқазы алқасы былай деп шешті: Оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мұғалімдер іс-шараны ертегі ретінде жүргізді, ертегі кейіпкерлерін бастауыш сынып мұғалімдері сомдады. Балалар үлкен қызығушылықпен іс-шараға қатысты.
Апталық барысында жоспар бойынша Ашық есік күні жарияланып, ата-аналар сабақтарға қатысып, қолөнер жұмыстарымен танысып, сурет көрмелерін тамашалап, өз балаларының жетістіктерін көрді. Апталықтың қорытындысы шығарылып, сап түзеуде белсене қатысқан оқушылар марапат қағазымен марапатталды. Апталықтың өтілу барысы, ашық сабақтардың өткізу сапасы жақсы деңгейде болды.
24 қараша күні апталықтың жабылу салтанаты өтті. Апталықты жабу салтанатын бастауыш сынып мұғалімі Досмағамбетова Қ.Е.жүргізді.
С.С.Мейрамова – бастауыш сынып мұғалімі
Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей