Латын әліпбиіне көшу-заман талабы
27.11
«ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талдау және түсіндіру аясында, Латын әліпбиіне біртіндеп көшу мәселесіне қатысты Қаратал орта мектебінде, қараша айының 25 күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Тастанбеков Аян Қабешұлының ұйымдастырумен мектеп мұғалімдерінің арасында «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел басында Аян Қабешұлы латын қаріптерімен жазылған әліпбиді таныстырып, латын әліпбиіне көшу туралы бейне деректер, слайдтар көрсетіп, жан-жақты түсіндірді. Атап айтқанда, ол ең алдымен Президентіміздің жоғарыда айтқан бағдарламасы аясында көрсетілген ең бірінші міндет, латын қарпіне көшу жұмыстарын бастау жөніндегі тапсырмасына байланысты екенін айтты. Енді, міне, сындарлы шақ туғанда халқымыз үшін, оның ең асыл қазынасы тіліміз үшін аса өзекті жұмысты мұғалімдер ұжымы жұмыла атқарудың бастауында тұрғанымызды жеткізді. Мұғалім латын графикасы қазіргі замандағы жаңа технологиялық ортаның, коммуникация, білім мен ғылымның ерекшелігіне айналған. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да, мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Әлемде ақпараттың басым пайызы ағылшын тілінде таратылатынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің пайдасы өте көп болары сөзсіз екендігін айтып өтті. Мектеп ұстаздары «Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар? Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады? Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің? Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін? сынды сұрақтар қойылып, талқыға салынды. Кездесу барысында, әліпбиді өзгерту кезіндегі қиыншылықтар, қазақ әліпбиінің болашағы мен құрылымы туралы ұсыныстар, талап-тілектер көптеп айтылды. Дөңгелек үстел барысында, бұл сұрақ барлық пән мұғалімдерін қызықтыратыны байқалды. Дөңгелек үстел соңында қатысушылар тіл маманына өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя отырып, ойларын ортаға салып отырды.
Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей