Баян орта мектебінде 3 наурыз күні жоғарғы буын,яғни 8-11 сынып аралығында "Көктем аруы - 2017" атты қыздар сайысы өтті.
Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу - сайыстың мақсаты болып табылды.
Қатысушыларға мынадай талаптар қойылды:
1. «Мен қазақтың қызымын». Таныстыру
2. «Өнер өрге жетелейді» өнер сайысы. Сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді, сахна мәдениеті, ән, би, күйлердің орындау мәнері бағаланады.
3. «Дәм думан» /дайындап келген тағамдарын көрермендерге жарнамалау/.
4. «Сұлулық сыры» /көктемгі сән үлгісі мен шаш үлгісін көрсету/ /үйлесімділік пен талғамы, тапқырлығы бағаланады./
5. «Жеті құпия» /ұлттық тағам мен киімге байланысты сұрақтар, сайыскердің ой - ұшқырлығы, білгірлігі бағаланады/.
Аруларымыз барлық талаптарды орындап әділқазы алқалары мен көрермендердің көңілінен шығуға тырысты.


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей