«Мемлекеттік тіл» жұлдызды күні
Сағат 11.00-де 4 сынып мұғалімі Қоқашева А.Е. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты ашық сабақ ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру; ана тілі туралы жазылған ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру; туған тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Сағат 15.00-де Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Есимсеитова А.М. «Мен – Тәуелсіздіктің ұланымын» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Мақсаты: оқушылардың ой - өрісін дамыта отырып, тәуелсіз Қазақстан елінің жалынды жастары болуға шақыру; оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Сайысқа барлығы 9 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындарды келесі оқушылар иеленді:
І орын – 5 сынып оқушысы Балғожина Дина
ІІ орын – 7 сынып оқушысы Балғожин Диас
ІІІ орын – 9 сынып оқушысы Әлжанов Мақсат.
Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей