Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

Республикалық "Жас Ұлан" ұйымы мүшелерінің қатары толықты

05.12

Мына залға оқуда озат, қоғамдық іс-шараларға белсенді ат салысатын, спорттық жарыстарда жеңімпаз атанған мектеп оқшылары жиналған.




Араларында халықаралық білім олимпиадаларының жүлдегердері де бар. Бірер сәттерден соң теріскейлік жастар республикалық "Жас Ұлан" ұйымының қатарын толықтырмақ. Алдымен оларды оқушылар қозғалысының негізгі міндеттерімен Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов таныстырып өтті.

Евгений Глотов - Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

- Сіздер республикалық "Жас Ұлан" ұйымының қатарына қосылғалы отырсыздар. Бұл бірлестіктің құрамында сіздер еліміздің рәміздерін құрметтеуге, іс-шараларға белсенді ат салысуға міндеттісіздер.

Көп кешікпей жиынның салтанатты сәті де жалғасты. Қаз-қатар сап түзеген жастардың мойнына республикалық "Жас Ұлан" ұйымының галстуктары байланды. Оқушылар өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруға, сапалы білім алып, қоғамдық іс-шараларға белсенді ат салысуға ант етті.

Жалпы, бүгінгі жиында "Жас Ұлан"-ның қатарына қала мектептерінің 5-пен 10-шы сынып аралығындағы 100 оқушы қосылды.

Айнұр Тілегенова - Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 8-ші сынып оқушысы:

- Бүгін біздер үшін өте жауапты күн. "Жас ұлан"-ның қатарында біз мұғалімдердің тапсырмаларын орындауға уәде береміз.

Тағы, шара барысында қала мектептері арасында өткен "Ең үздік "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" байқауының жүлдегерлері белгілі болды. Қазан мен қараша айларында ұйымдастырылған сайыста өз білім ошақтары жайлы бейнеролик жасаған №23 орта мектептің оқушылары жеңімпазы атанды. Оларға грамота мен кубок табысталды. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.

 

Култанов Байболат

Подробнее: http://mtrk.kz/kz/mtra-zhanalyktar/34-news-mtrk/19274-sto-shkolnikov-petropavlovska-segodnya-torzhestvenno-prinyali-v-ryady-qzhas-ulanaq.html
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.mtrk.kz


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры