24 қараша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін тойлаудағы іс-шараның барысында бұл "Мемлекеттік тіл күні" атты ұранымен өтті. Осы өтілген іс-шараның өзекті мақсаты оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін,сыйластығын, еліне деген сүйіспеншілігін дамыту. Іс-шараның басы қазақ тілі және әдебиет мұғалімдерінің ашық сабағынан басталды. Мұнда мұғалімдер өтілген сабақ тақырыптарын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен , тілдің қаншалықты маңыздыылығымен байланыстырды. Оқушыларға сабақ барысында бейне көрсетілімдер, тілдің мәртебелік қасиеті туралы айтылып өтті.Қоңырау барысында мектеп-гимназия оқушылары қазақ тілінде ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салды, "Қазақшаңыз қалай?" атты ойын түрлері жүргізілді.Осы күннің қорытындысы ретінде 5-11 сынып оқушылары арасында "Отаным - алтын бесігім " атты шығармалар сайысы өткізілді.
11 сыныпта ашық сабақ «Жетісу»
Қазақ тілі бойынша 5 сыныпта ашық сабақ «Қазақстан Республикасы»
Тіл туралы бейне көрсетілім
«Қазақшаңыз қалай?» ойынынан көрініс
Шығармалар сайысы «Отаным- алтын бесігім»
Қазақ әдебиетінен ашық сабақ «Шоқан – ғалым, зерттеуші»