Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар

09.11

Ыбырай салған ұлы жол

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклершы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің(Шын аты – Ибраһим) туғанына 175 жыл толып отыр. Осы орайда бастауыш мектебімізде 4 сынып оқушыларымен «Ыбырай әңгімелері» атты іс-шара өткізілді. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, әңгімелерін сахналық көрініс арқылы көрсете білді. Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәнін талқыға түсіріп, жақсы қасиеттерді өз бойларынан таба біліп, жаман әеттен аулақ жүруді өз парыздары деп түсіне білді. Оқушылар Ыбырай Алтынсарин атында білім ошағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бар екенін, білім беру жолында көп жыл еңбегін сіңірген еңбек ұстаз ардагерлеріне Ы.Алтынсарин төс белгісімен марапатталатындығы жайында ақпарат алды.

Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерін оқып, сүйсінбеген жан жоқ шығар. Ыбырай атамыз өлеңдерінде шыншылдықты, әділеттілікті көздесе, әңгімелерінің мағынасы өте тереңде жатыр. Әңгімелерін оқи отыра тәрбиелік мәнінің зор екенін байқауға болады. Ыбырай әңгімелері балаларды білімге ғана шақырып қоймайды, сонымен қатар адалдыққа, еңбекке, батылдыққа, адамгершілікке, сыйластыққа, қамқорлыққа, тапқырлыққа, мейірімілікке, тазалыққа тәрбиелейді. Адамның ішкі жан дүниесіне үңіле білген, ар –ождан үнін естіте білген дана жазушы өзәңгімелерінде оқырманға  ең қымбат байлық - рухани байлық екеніне көз жеткізген. Егер адам өзінің ар-ождан даусын естей алмаса, ол адамның ішкі дүниесі лас болады. Ондай адам мейірімсіз, қатыгез болып өседі. Ыбырай әңгімелері «Таза бұлақ», «Нағыз адам» балаларды адами қасиеттерге тәрбиелесе, «Бір уыс мақта», «Шеше мен бала» әңгімелері әр нәрсені болсын үнемдеп, ысырап етпей қадірін түсіне білуге тәрбиелейді. Ыбырай Алтынсарин рухани тәрбиемен қатар имандылыққа да көп көңіл бөлген. Мұсылман бауырларымызға бес уақыт намаздағы тазалық пен тәртіпті, әдеп пен сыпайылықты, қамқорлық пен мейірімділікті, қиянат жасамай дұрыс әрекет ете білуді, Алланың берген әрбір сыйын ысырап қылмауды санасына құя білген.

Ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін зер салып оқысаң Ыбырай атамызды болашақты болжап кеткен адам деп те түсінесің.

Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзімді ашып-жұмғанша,

          Жылдам хабар алғызды.-деген жолдарында өнері, білімі бар адамдар қазіргі заманауи техникалық даму жүйесін тауып, ақпараттық технология, ғаламтор жүйелері арқылы хабарларды тез жеткізу барысын да ойлап тапқанын меңзесе,

       «Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді»- деген жолдарында қазіргі неше түрлі тамақ пісіретін электр пештерін, жылытқыштарды ақын сол кезден-ақ болжап кеткен.

Ыбырай салған ұлы жолмен қазіргі жас ұрпаққа тәрби беру  - биік шыңға жету болып саналады. Себебі, отбасынан бастап балаға имандылық тәрбие беру, адамгершілікке тәрбиелеу - оның рухани азығы болып саналады. Рухани жан дүниесі таза адам қазіргі жастардың жасап жатқан қисынсыз әрекеттеріне, зұлымдыққа бармайды. Асқазанды күнде тамақпен толтырсаң, ішкі дүниеңді де күнсайын жақсы қасиеттермен азықтандырып отыру керек. Балаға үйде  де, түзде де ақыл айтып, кеңес беріп отыру артықшылық етпейді.

Сыздыкова Асем Аукешовна

Шал ақын ауданы

Семиполка орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры