Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

9 - мамыр. Жеңіс күні. Тәрбие сағаты. Сценарий

12.05

         9 мамыр. Жеңіс күні. Мектептің кітапханасында

Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.

 

Кітапханашы: Құрметті қонақтар ұстаздар оқушылар! Жер-жерде Жеңіс күнінің 71 жылдық мерейтойы жүргізілуде. Ендеше бүгін мектебіміздің кітапхана оқырмандарымен дайындалған «Жеңіс күні» атты іс-шараны бастауға рүқсат етіңіздер.

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді... (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді).

1-Жүргізуші:  Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар! Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерейтойына арналған іс- шараны бастауға рұқсат етіңіздер.  ХХ ғасырдағы ең бір қанды қасірет соғыс еді. Себебі, оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты. Сондай-ақ, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел бар еді.

2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

1-оқушы:         Жүргенімде қуанышпен қамданып,

Керек-жарақ заттарымды қолға алып.

Жиырма екінші сағатында қырық бірдің

Батыстан дауыл соқты долданып.

 

2-оқушы:         Таң алдында сағат бесті соққанда,

Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.

Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,

Шекараға келіп салды  ойранды.

 

3-оқушы:          Осы хабар уақытында алынды,

«Соғысқа» деп дабыл қағылды.

Қуанышты жас жүректі суытып,

Баса қалды лапылдаған жалынды.

 

4-оқушы:           Қатық құйып ішкен күнім зереңге,

Елім, сені енді қайтып көрем бе?!

Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,

Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!

Отаныма берген бірақ антым бар,

Дедім сізге: Ал, соғысқа тартыңдар!»

Ұлы Отанды қорғаңыздар аянбай,

Арттарында сізге сенген халқың бар!

 

5-оқушы:            Тоқта, достар, тез мін атқа,

Қатерлі ауру сын сағатта.

Батыстан зіл қара бұлт

Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл мазаққа.

Өлім арлы азаматқа.

 

 

1-жүргізуші:    Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы, ал Қазақстаннан 1 миллион 366 мың адам майданға аттанады. Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстаннан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 млн. 900 мыңдай адам сапқа тұрды.

2-жүргізуші:   Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316 атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал майор В. Панфилов болды.

          Интерактивті тақтадан төмендегі видео көрсетіледі:

Оқушы қыздардың орындауында «Катюша» биі биленеді.

«Әлия» әні орындалады.

 

1-жүргізуші:       Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

28 батырды жеңе алмады жау бірақ.

Жамылды жер тұманды,

Өрт ішінде қалды бақ.

28 қыранды жеңе алмады жау бірақ.

 

2-жүргізуші:       Оқ астында зулаған,

Туған жермен бір болып,

Жау алдында тұр олар 28 мың болып,

28 батырын ұмытпайды ел мәңгілік.

 

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталады. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!

2-жүргізуші:   Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты. Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!

1-оқушы: «Майдангерлер»
2-оқушы: «Мен соғысты жек көрем!» (Қ.Жұмағалиев)
3-оқушы: «Сен құрметте оны»

 

Мен соғысты жек көрем!

 Қайрат Жұмағалиев.

Мен соғысты

Жек көрем!

Көкем айтып отырса,

Кім қасірет шекпеген.

Кім көз жасын төкпеген!

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген.

Мен соғысты жек көрем!

Күні ертең-ақ ер жетем!

Қиялымды өрлетем!

Туған жерді

Әлпештеп

Кірпік ілмей

Тербетем!

Жету үшін мұратқа

Сапар шегем жыраққа!

Ғұмыр бойы соғысам

Асу бермес белдермен!

Асау өзен-көлдермен!

Құлазыған шөлдермен!

Мен соғысты жек көрем!

Адамзатты жеткізем,

Арманына жетпеген!

 

сен құрметте оны
Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық, жолында аяғын!

 

Майдангерлер

Май айында қауышқан күліп елмен,

Аман есен табысқан тұған жермен

«Арманың жоқ шығар-ау» деді біреу,

Қан майданның жерінен тірі келген».

Арман неге болмасын от мерейлі,

Жасқа толы жанары жәутеңдейді.

Арман мынау адамның қанаты ғой,

Май айында қауышқан күліп елмен,

Аман-есен табысқан туған жермен.

« Арманың жоқ шығар-ау» деді біреу,

-Қан  майданның жерінен тірі келген».

Арман неге болмасын от мерейлі,

Жасқа толы жанары жәутеңдейді.

Арман мынау адамның қанаты ғой,

Сусыз жерде шыбық та көктемейді.

Ашық аспан, асқар тау бұлағымды,

Асық ойнап, тай шапқан тұрағымды.

Қорғадым мен бар жаным-тәнімменен,

Көкіректі кернеді жыр-ағынды.

Батыл аттап мектепке мығым басып,

Құлағында шат күлкі, дулыға асық.

Шүпірлеген балалар балапандай,

Батыр қартты қоршады шуылдасып.

Жауар күндей кей күні тіл қатпайды,

Темекінің түтіні будақтайды.

Еске түсіп оққа ұшқан құрдастары,

Көмейіне кептеліп, бунап қайғы.

Құрметтендер келеді көше бойлап,

Самайларын ақ қырау кешеді ойнап.

Женіс күнін қарсы алар мәрт төзіммен,

Жеңіс әнін тындайды шат сезіммен.

Терезеден телміреп паң далаға,

Жастық шағын сағынар тек ішінен.

Жол беріңдер,

Хас батырға,

Кеудесі алтын тұнғадай жұмбақ сырға,

Ұлы Жкңіс күнімен құттықтайық,

Отаны үшін от кешкен батыр тұлға.

Туған жерін жанындай пір тұтады,

Жанарында өмірдің нұрлы таңы.

Өзі қорғаған орманының,

Балдақ болып сүйейді бір бұтағы.

 

1-жүргізуші:        Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.

 

2-жүргізуші:       Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

1-оқушы:     Жеңіс күні ардагерлер әперген,

Желбіретіп қызыл туды көтерген.

Туған елін жау қолында қалдырмай,

Ерлікпенен ел парызын өтеген.

 

2-оқушы:       Он сегізде соғыс атты от кешкен,

Жараланып жас денесін оқ тескен,

Аталарым, ардагерлер,  болшы аман,

Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.

 

3-оқушы:        Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,

Арамызда ардақ болып жүріңдерші!

Құрметтейік жеңісті мамырдағы,

Бақыттан рахаттанып күліңдерші!

Ардагер аталарға мың алғыс!

Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.

Келешек ұрпағының бақыты үшін,

Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.

 

2-жүргізуші:   Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аяласын көңілі жақсы үмітпен.

 

1-жүргізуші:   Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлең айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

 

2-жүргізуші:   Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз әнұранымыз, өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз  бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз.

 

Оқушылардың орындауында «День победы» әні орындалады.


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры