Петропавлға саяхат
Өткен демалыс күні біз №4 Булаево орта мектебінің 6-сынып оқушылары сынып жетекшіміз Медет Қайырлыұлы Бекішев және сыныптасымыз Динараның анасы Махаббат Боранбайқызы Файзулинаның жетекшілігімен облыс орталығына саяхатқа бардық. Саяхатқа біз алдын ала сыныбымызбен дайындалып, саяхат бағытын құрдық.
Петропавл қаласына келгесін ең алдымен құрылған бағытқа сәйкес «Қазақстан» кинотеатрына барып, Киплингтің «Маугли» шығармасы бойынша 3D форматында түсірілген «Джунгли кітабы» фильмін тамашаладық. Бұл фильм барлығымызға өте қатты ұнады.
Кейін Боулинг орталығына барып, (кейбіреулеріміз басында кеглилерді қалай құлату әдісін білмесек те, кейін тез меңгеріп алдық) бір сағаттай боулинг ойнап, осылай көңіл көтеріп, тәтті балмұздақ жедік.
Одан әрі Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына бардық. Мұражайда облысымыздың әрі-бергі тарихымен танысып, көптеген қызықты мағұлыматтар алдық. Бұнда бізге әсіресе қатты әсер қалдырғандары Президент залы мен біздің аумақты мекендейтін жан-жануарлар әлемі залы болды.
Саяхатымыздың соңында ботаникалық баққа барып, өзіміз таңертең ғана кинодан көрген экзотикалық өсімдіктер әлемімен көзімізбен көріп таныстық. Осы бақтың «ең кәрі» өсімдігі папортниктің жанында тұрып, әркім өзінің арманын іштей айтып, суретке түстік. Бақта өмір сүретін түрлі құстар: аққулар, бірқазан, тоты құстар, дала қаздары мен үйректері, түрлі тұқымды тауықтар мен жан-жануарлардан: есек, қоянның неше түрін, тасбақа мен түрлі бақа-шаян, балықтарды көріп, суретке түсіп, ұмытылмастай әсер алып қайттық.
6- сынып оқушылары: Абылай, Дәуренбек, Анар, Мират, Мирас, Ф. Динара, К. Динара, Рузана және Венера.
Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей