«Суды үнемде – болашақты сақта»
16.02
2026 жылғы 13 ақпанда Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі КММ-нің 10–11 сынып оқушылары суды үнемдеу тақырыбындағы маңызды іс-шараға қатысты. Онлайн форматта өткен ашық сабақ Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрінің қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шара «Суды үнемде – болашақты сақта» жобасы аясында өткізілді. Сабақ барысында су ресурстарын тиімді пайдалану, су тапшылығының алдын алу және экологиялық жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Оқушылар су үнемдеудің маңыздылығы туралы құнды ақпарат алып, өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар еліміздегі су саясаты мен ирригация саласындағы жаңашыл бастамалар туралы мәліметтер берілді. Ашық сабақ оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғи ресурстарға саналы көзқарасын арттыруға бағытталды.
Аталған іс-шараға мектебімізден барлығы 35 оқушы қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, болашаққа жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу