«Суды үнемді тұтыну және бірегей су көздеріне ұқыпты қарау»
16.02
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және су ресурстарына саналы, ұқыпты қарау дағдыларын дамыту мақсатында бастауыш сыныптарда тәрбие жұмысы жүргізілді.
Осы бағытта 1–4 сынып оқушыларына «Суды үнемді тұтыну және бірегей су көздеріне ұқыпты қарау» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға судың тіршілік үшін маңызын түсіндіру, су ресурстарын үнемді пайдалану жолдарын үйрету және табиғи су көздерін қорғауға тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында оқушылар судың адам өміріндегі, табиғаттағы рөлі туралы мәліметтер алды. Сабақта практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар тақырыпқа байланысты постерлер дайындап, жобаларын қорғады. Сонымен қатар су ресурстарын үнемдеу мен қорғауға арналған бейнероликтер тамашаланып, талқылау жүргізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, табиғатты қорғау жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.
Өткізілген іс-шаралар оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және су ресурстарына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.Іс-шара бойынша қамтылған оқушылар саны - 88.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу