Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«Суды үнемде-болашақты сақта» 2-9 сыныптар

13.02

2026 жылғы 13 ақпанда «№ 7 орта мектеп» КММ «Суды үнемде-болашақты сақта» ауқымды жобасы аясында сумен жабдықтау тақырыбында 2-9 сынып оқушылары үшін бірыңғай эко – сынып сағаты өтті.
Іс-шара барысында білім алушылар су ресурстарын ұтымды пайдалану ұғымымен танысты, судың адам өміріндегі және экожүйедегі маңызы туралы білді, сондай-ақ табиғи ресурстарға ұқыпсыз қараудың себептері мен салдарын талқылады. Сынып жетекшілері танымдық әңгімелер, интерактивті ойындар, тақырыптық бейнематериалдар мен шағын пікірталастар өткізді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және маңызды табиғи байлық ретінде суға жауапкершілікпен қарауға ерекше назар аударылды. Балалар күнделікті өмірде және мектепте суды үнемдеудің қарапайым, бірақ тиімді әдістерін ұсынды.
Бірыңғай эко-сынып сағатын өткізу оқушылардың экологиялық ойлауын, әлеуметтік жауапкершілігін және белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етті.

Фото


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер