Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

🌐«AMANAT» партиясы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен жобасы — «Ustazga AI» іске қосылды.

08.11

🌐«AMANAT» партиясы мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен жобасы — «Ustazga AI» іске қосылды.
Жобаның мақсаты — білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын тиімді енгізу.

✨Жоба үш негізгі кезеңнен тұрады:
🔹1-кезең. Тегін онлайн-курс
Қазақстанның барлық мұғалімдері үшін Daryn.ai платформасында «Жасанды интеллект педагогтың көмекшісі ретінде» атты тегін онлайн-курс іске қосылды. Оқу әр өңірде кезең-кезеңімен өткізіледі. Солтүстік Қазақстан облысында курс 2025 жылғы 3 қарашадан 16 қарашаға дейін өтеді. (https://daryn.ai)
🔹2-кезең. Педагогикалық хакатон
Онлайн оқуды аяқтаған мұғалімдер арасынан үздік 400 педагог арнайы іріктеуден өтіп, «Мұғалім AMANAT» педагогикалық хакатонына шақырылады. Бұл кезеңде ұстаздар «Мектепке арналған ЖИ шешімі» тақырыбында өз жобаларын қорғайды.
Ең үздік 20 мұғалім халықаралық тағылымдамадан өтуге жолдама беріледі.
🔹3-кезең. Халықаралық тағылымдама
Хакатон жеңімпаздары 2026 жылғы маусымда Оңтүстік Кореяда 7 күндік тағылымдамаға қатысады. Мақсат – білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын енгізудің үздік халықаралық тәжірибесін зерттеп, оны қазақстандық мектептерге бейімдеу.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер