🔰 PIRLS-2026 мәтінін оқу және түсіну сапасын халықаралық зерттеуге қатысуға педагогтардың кәсіби дайындығын арттыру, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық сауаттылығын дамыту тәсілдерін жетілдіру жұмыстың негізгі бағыттарына айналды.
01.11

PIRLS-2026 мәтінін оқу және түсіну сапасын халықаралық зерттеуге қатысуға педагогтардың кәсіби дайындығын арттыру, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық сауаттылығын дамыту тәсілдерін жетілдіру жұмыстың негізгі бағыттарына айналды. 2025 жылғы 31 қазанда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «PIRLS-ке қалай тиімді дайындау керек: бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған құралдар мен стратегиялар» тақырыбында онлайн-вебинар өтті. Оған облыстың 120 педагогтері қатысты.
Спикерлер келесі бағыттар бойынша ақпаратпен бөлісті:
• PIRLS-ке сәтті қатысуға мұғалімнің кәсіби дайындығы;
• PIRLS-2026 халықаралық зерттеуін жүргізудің мақсаттары, мазмұны және ерекшеліктері;
• оқушыларды даярлаудың практикалық аспектілері: тапсырмалардың түрлері, қалыптасатын дағдылар мен тиімді педагогикалық стратегиялар.
Педагогтар материалдардың өзектілігін және ұсынылған құралдарды күнделікті педагогикалық практикада қолдану мүмкіндігін атап өтті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу