Сұхбат барысында балаларға келесі жағдайлар түсіндірілді:
— мұндай орындарға бару өмір мен денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді;
— иесіз ғимараттарда құлаған құрылыстар, өткір заттар, ашық люктер мен электр сымдары болуы мүмкін ;
— осындай жерлер жарақат пен жазатайым оқиғалардың жиі себебі болады;
— егер таныстарының бірі осындай аумақтарға барса, бұл туралы міндетті түрде ересектерге (ата-анасына, мұғалімге, психологқа немесе сынып жетекшісіне) хабарлау қажеттігі айтылды.