Іс-шараға 9–10 сынып оқушылары шақырылып, білім бөлімінің жұмысы туралы толық ақпарат алды. Оқушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар, әдістемелік кабинеттің қызметі, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық секторының жұмысы таныстырылды. Ашық есік күні барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.