«Алтын белгі» төсбелгісі мен үздік аттестатқа ие болған 2025 жылғы түлектер
23.06
2025 жылдың 23 маусым күні аудандық мәдениет үйінде «Алтын белгі» төсбелгісі мен үздік аттестатқа ие болған 2025 жылғы түлектерге құрмет көрсетуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл шараға аудан мектептерінің үздік оқушылары, олардың ата-аналары, ұстаздары мен қоғам өкілдері жиналды.
Аталмыш іс-шарада аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Анбаев құттықтау сөз сөйледі. Өнерлі жастарды тәрбиелеу мен оқытуға қосқан үлестері үшін ұстаздар мен ата-аналарға алғысын білдіріп, түлектердің жетістіктері бүкіл ауданның мақтанышы екенін атап өтті.Сіздер еліміздің болашағысыздар. Сіздердің білімдеріңіз, дамуға деген талпыныстарыңыз және белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз табысқа жетудің берік іргетасы», - деді Руслан Әкімжанұлы өз сөзінде.
Салтанатты іс-шара жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Үздік түлектерге естелік кітаптар сыйға тартылды. Новоишим қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы, үздік аттестат иегері Байтас Мирас естелік кітапқа ие болса, ата-анасы Дүйсенбин Ерболат Байтасұлына аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Сонымен қатар Байтас Мирас білім нәрімен сусындаған ұстаздарына, тәрбие беріп, ұдайы қолдау көрсеткені үшін ата- анасына биік сахнадан үлкен алғысын білдірді. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталып, мерекенің көркіне ерекше мерекелік сән қосты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу