"Қала-ауылға" облыстық жобасы аясында тәжірибе алмасу апталығының бағдарламасын іске асырудың екінші күні әріптестер "№7 орта мектеп" КММ жұмысының инновациялық және спорттық бағыттарымен танысуды жалғастырды.
Оқу қызметі аясында әріптестерге қазақ тілі мен әдебиеті «Мұхит және экологиялық проблемалар» атты 10 А сыныптағы сабағы көрсетілді. Р.Е. Рамазанованың сабағы жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында оқушылардың оқу процесіне тартуға және олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететін заманауи әдістемелік әдістер мен жасанды интеллект құрылған жаңа тәсілдерді мүғалім көрсетіп, тиімді қолдана алды. Мұндай іс-шаралар педагогикалық қоғамдастықты нығайтады және білім беруді дамытудың жаңа перспективаларын ашады.
Фото