1-сыныпқа қабылдау
12.04.2023
1-сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады.
Ата-ана адын-ала мектепті белгілеп, egov.kz веb порталы арқылы және қағаз түрінде өз өтініштерін тапсыра алады.
Өткен жылғы қабылдауға жүргізген талдауға сәйкес, ата-аналардың 80%-ы электрондық портал арқылы өтініш берді.
Қажет құжаттар тізімі:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
- 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
Өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тапсыруға болады.
«Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін алу алгоритмі:
- Ата-анаға электрондық қолтаңбаны алу қажет;
- Электрондық үкімет порталын ашу: https://egov.kz;
- Порталда egov.kz «БІЛІМ» бөліміне кіріңіз;
- «Білім беру» бөлімінде «Орта білім беру» бөлімшесін басыңыз;
- «Білім беру ұйымдарына (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы орта) құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдаңыз;
- «Онлайн қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
- Дербес ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке кіріңіз;
- Тізбеге сәйкес құжаттарды жүктеңіз:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
- 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
- Құжаттарды жүктегеннен кейін ЭЦҚ қызметіне қол қою;
- Құжаттарды қабылдау туралы хабарламаны қарауға алу;
- Бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке оқуға қабылданғаны туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту жіберіледі;
- Оқуға қабылдау туралы бұйрық а.ж. 20 тамыздан кешіктірілмей жүргізіледі.
Қоғамдастық талқылаулары
День Знаний
1
395
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb
