Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

"Сыйқырлы қолшатыр" атты алтын күз мерекесі

05.10

                                             Сыйқырлы қолшатыр

Жүргізуші: Армысыздар ардақты қонақтар! Сіздерді бүгінгі «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз. Алтын күз мерекесі әрбір үйге табыс, молшылық әкелсін!

Күз халқымның  ежелден берекесі

Жерде ғой адамзаттың несібесі

Тойлаймыз бүгінгі күз  мейрамын

Алтын күз құтты болсын мерекесі!

Бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы аламыз!

 

Балалар залға көңілді әуенмен кіреді, шашырап тұрады.

 

Жүргізуші: Қараңдаршы балалар, бүгін айнала қандай тамаша, әдемі! Қандай әдемі, әр-түрлі жапырақтар! Бізге қандай мереке келіп қалды? Әрине, Күз мерекесі!

Балалар тақпақ айтады

1 бала:Өнім  үйіп тастадық

Оқуды  да  бастадық

Берекелі  алтын күз

Ашық  болсын аспаның

 

2 бала:

Алма пісіп, алмұрт  түсіп

Күзде  бақтар жайнайды

Құстар  қайтып, қош  айтысып

Қимас үнмен  сайрайды

 

3 бала:

Ағаштардан  жамырап

Ұшты  кенет  жапырақ

Ой,  алақай  тамаша

Шашу  шашты  жапырақ.

 

Ән  «»

 

 Жапырақтың сыбдыры, желдің гуілінің даусы шығады.

 

Жүргізуші: (тыңдайды)
Балалар, біреу келе жатырған секілді.

 

 

Жүргізуші: Бұл жел ғой, балалар, бізге бірдеңе айтқысы келетін сияқты.

 

Музыкамен залға Жел (бала) келеді.

 

Жел:                             Мен күзгі гулеген желмін,

Бүкіл жер-шарын айналып жүремін.

Ағаштарды қисайтып сындырамын,

Меннен бәрі қорқады.

Өйткені мен мықтымын, күштімін!

 

Жүргізуші: Жел, жел тоқтай тұр, ашуланбай қоя тұр. Біз сенен еш қорықпаймыз. Орнымызға ұшып кетеміз.

 

(Балалар орындарына отырады)

 

Жүргізуші: Ал, сен болсаң Жел, біздің балалармен достасып, мерекемізді бірге қарсы ал.

Жел: Жарайды!

Жел де отырады.

Жүргізуші: Күзім-ау, Күзім-ау

Мінезің  бүзық –ау

Жаңбырың  сіркіреп

Келгенің  қызық –ау

 

Балалар: Келші,  келші  Алтын  күз

Келші, келші  жарқын күз

Жүргізуші: Мерекені  жалғастырып

 Ойнап  күлші  Алтын күз!

 

Жүргізуші: Ой, балалар, мынау не? Жапырақ қой? Ол қалай ұшып келген? Мында бірдеңе жазылыпты ғой. Оқимыз ба?

 

Хатты оқиды.

 

«Сәлеметсіңдер ме», менің ботқандарым, қымбатты балалар.
Сендер бір жылда өсіп қалған шығарсыңдар, мен сендерді сағындым!

Мен сендерге келуге қолым тимей жатыр. Орманда ағаштарды сары түске бояп жатырмын, құстарды жылы жаққа шығарып салып жатырмын. Жұмысым өте көп! Мен сендерге келемін. Бірақ мен келгенше, іштерің пыспасын, менің сыйқырлы қолшатырыммен ойнай тұрыңдар!

 

Жүргізуші: Балалар, шышымен де қараңдаршы, бізде қаншама әдемі қолшатырлар! Күз Ханшайымы айтады, ол қолшатырлар сыйқырлы. Тексеріп көреміз бе?

Балалар: Иә!

 

Жүргізуші бірінші қолшатырды қолға алады. Дауыс шығады.

 

Дауыс №1: «Қолшатырды ұстап біз,

Ақындарша сайраймыз!»


Жүргізуші: Қандай қызықты! Қане тексеріп көрейік, шын ба екен?

Сыйқырлы қолшатырдың астына шақырамын .......................................

 

1 тақпақ.

 

Жүргізуші: Сыйқырлы қолшатырдың астына шақырамын ...............................

 

 2 тақпақ.

 

Жүргізуші: Сыйқырлы қолшатырдың астына шақырамын ...............................

 

3 тақпақ.

 

Жүргізуші: Не деген керемет! Сыйқырлы қолшатыр шынымен де біздің балаларымызды ақындарша сайратты ғой! Басқа да қолшатырлар сыйқырлы ма екен? Көрейікші! Мына қолшатырды көрейік, бізге қандай қызық дайындап қойды екен!

Дауыс №2: «Қатты жаңбыр жауаса егер,

Көмекке келер қолшатыр!

Қолшатырды қолға алып,

Қел, балақай ойна,  шық!»

 

Жүргізуші: Бір! Екі! Үш!

Ойынға шық тып-тыныш!

 

Ойын «Қолшатыр»

 

Жүргізуші: Қандай көңілді қолшатыр болды, иә балалар? Ал мына қолшатыр бізге не дайындап қойды екен?

 

Дауыс №3: «Ағаштардан  жамырап

Ұшты  кенет  жапырақ

Ой,  алақай  тамаша

Шашу  шашты  жапырақ!»

 

Жүргізуші: Ендеше, күзгі жапырақтарымызды айналып, би билейік дөңгелеп!

 

Би

 

Жүргізуші: Қандай көңілді қолшатыр болды, иә балалар? Ал енді балалар қанекей серуендейік, серуендеп жүріп саңырауқұлақтар жинайық!

 

Ойын «Саңырауқұлақ»

 

Жүргізуші: Керемет ойын болды! Жарайсыңдар балалар!

 

Бір кезде есіктен қара қолшатыр көрінеді.

 

Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар, мынау қандай қолшатыр, сыйқырлы қолшатырға ұқсамайды ғой.

 

Музыка ойналып залға Грипп келеді. Жөтеледі.

 

Грипп: Сәлем, сәлем! Не деген көпсіңдер. Маған бұл ұнайды. Мені күтпеген боларсыңдар. Бұл мен Грипп ағаларыңмын. Ал, сендер менің досым Ангинаны көрмедіңдер ме?

 

Ангина келеді.

 

Ангина: Ап-чхи! Сәлем Грипп досым!

 

Грипп: (Жөтеледі) Сәлем, сәлем досым Ангина! Сені күтіп қалдым ғой. Кешіктің ғой!

Ангина: Өй, менің жұмысым көп қой! Қараймын, балалар қатты-қатты әнде айтып жатыр ғой! Бұларда не мейрам? Ешкімнің тамағы ауырмай тұрған ғой.

Грипп: Иә, тамақтары ауырмай тұр. Әнді қатты айтып жатыр, бәрі көңілді.              

Ангина: Біздерден еш қорқып та тұрған жоқ!

Грипп: Қазір оларға көрсетеміз! Бұл балаларды қазір гриппен, ангинамен ауыртамыз. Балалар жөтеліп, түшкірсе жаным кіреді. Маған бұл балалардың ауырғаны ұнайды.

Ангина: Дұрыс айтасың, Грипп досым! Бұл балалар ангина болып тамақтары ауырса, маған да қатты ұнайды. Ыстықтары көтерілсе, тіпті керемет!

 

Жүргізуші: Балалар, бізге кімдер келді? Олар жаман адамдар сияқты көрінеді. Олар микроб жұқтырғысы келеді бізге.

Грипп: Иә, қазір біз сендерге микроб жұқтырамыз, сосын бәрің аурасыңдар! Ангина сен сол жақтағы балаларға жұқтыр, мен оң жақтағы балаларға жұқтырамын. Көрейік сосын, қалай ән айтар екен.

 

Грипп пен Аннгина жөтеліп, түшкіріп жүгіреді. Баларға, ата-аналар арасынан да өтеді. Ата-аналарды құшақтап, алдаына отырып алады.

 

Жүргізуші: Қане, балалар біз қатты шапалақтап, топылдатайық, сонда олар қорқып қашып кетер.

 

Балалар шапалақтап, топылдатады, Грипп пен Ангина қашып кетеді.

 

Жүргізуші: Мінекей, микробтарды қуып жібердік, жарайсыңдар! Мерекемізді жалғастырамыз, ән шырқаймыз тамаша!

 

Ән «Қызыл, сары, қоңыр жапырақтар»

 

Музыкамен залға қайтадан әндетіп Грипп пен Ангина кіреді.

 

Грипп пен Ангина: Біз микробтар- көңілдіміз біз,

Біз микробтар- әндетеміз біз.

Біз микробтар жаман адамбыз,

Біз микробтар, нағыз микробпыз.

Жуынуды ұнатпаймыз,

Тісімізді де жумаймыз,

Қолымызды да жумаймыз,

Біз микробтар!

 

Грипп: Сен менің командамды тыңда. 1,2,3,4,5!  Бәріне микроб жұқтырамыз біз!

 

Грипп пен Ангина тағы да бәріне микроб жұқтырып жүгіреді.

 

Жүргізуші: Балалар, енді не істейміз, қане бәріміз дәрігер апайды шақырайық, әйтпесе ауырып қаламыз.

Звандайды.

 

Жүргізуші: Алло, дәрігерсіз бе? Сіздің көмегіңіз керек, Грипп пен Ангина балаларға микроб жұқтыруда.

 

Залға самакатпен Дәрігер келеді.

 

Дәрігер:  Жол беріңдер, жол, кімге көмек керек, кім ауырып жатқан?

 

Грипп пен ангина тығылып тұрады, жүргізуші, балалар түсіндіреді.

 

Дәрігер: Тексергелі жатырмын, дайынсыңдар ма? Қазір... Іштерің ауыра ма?

Балалар: Ауырады, ауырады!

Дәрігер:Бастарың ше?

Балалар: Ауырады, ауырады!

Дәрігер: Ендеше жаттығу жасау керек!

 

Жаттығу

Дәрігер: Енді мерекені жалғастыруға болады, сендер енді ауырмайсыңдар!

Ал микробтарды мен қазір қуып шығамын.

 

Дәрігер Грипп пен Ангинаны залдан қуып шығады.

 

Жүргізуші: Рахмет, саған Дәрігер!

 

Дәрігер: Оқасы жоқ, енді ешқашан ауырмаңдар! Сау болыңдар! Мереклеріңмен!

 

Дәрігер кетеді.

 

Жүргізуші: Балалар, біздің де күзгі мерекеміз аяқталуға жақын қалды. Күз ханшайымын шақырайықшы!

Жүргізуші: Күзім-ау, Күзім-ау

Мінезің  бүзық –ау

Жаңбырың  сіркіреп

Келгенің  қызық –ау

 

Балалар: Келші,  келші  Алтын  күз

Келші, келші  жарқын күз

Жүргізуші: Мерекені  жалғастырып

 Ойнап  күлші  Алтын күз!

 

Музыкамен залға Күз ханшайымы келеді.

 

Күз: Әсем  ерен  достарым

Өмірге  көп  қосқаным

Қымбатты  сый алыңдар

Қызығына  қаныңдар

Молайтыңдар  шаттықты

Ән  айтыңдар бақытты

Сәлеметсіңдер ме , балалар!

 

Жүргізуші: Қымбатты Күз ханшайымы біз саған алғысымызды айтқымыз келеді!

 

Тақпақтар

 

Жүргізуші: Қадірлі Күз ханшайымы!Біз сізбен кездескенімізге қуаныштымыз! Саған дайындаған өнерімізді қабыл ал!

 

Ән «Келді міне алтын күз»

 

Күз: Тамаша! Сендермен өте көңілді!Сендерге көп рахмет!

Сыйлығымды қабыл алыңдар.

  • Мен сендерге ұн әкелдім! Балалар: Ендеше бауырсақ жейміз!
  • Мен сендерге қара құмық әкелдім! Балалар: Ендеше ботқа жейміз!
  • Мен сендерге жеміс-жидектер әкелдім! Балалар: Ендеше біз өсеміз!

 

Күз: Сендерге мен алма әкелдім жеңдер, ауырмаңдар, үлкен болып өсіңдер.

 

Үлкен сыйқырлы алманы көрсетеді. Алма сөйлейді. Ішінен алмалар шығады.

 

Балаларға алма таратып береді.

 

Күз:Ал, менің кетуім керек, менің әлі шаруам көп. Сау болыңдар, балалар! Келесі кездескенше!

 

(Күз кетеді)

 

Жүргізуші: Осымен мерекеміз аяқталды, сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер