С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия

18.05.2022

Бүгінгі күні жас ұрпақтың жүрегіне ыстық сезім ұялатып, білім мен тәрбие нұрын тартумен келе жатқан білім ұясы бұл - С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия.
25 жыл бұрын Тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштарының біріндей Қызылжардың қақ ортасынан білімнің еңселі ордасы қалалық классикалық гимназия бой көтерді.
Жас ұрпақтың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап , жаңашыл ұстаздар туралы әркез мақтанышпен айтуға болады. Қалалық, облыстық, республикалық байқауларда гимназия ұстаздары мен оқушылары әрқашан топ жарып, жүлделі орындарды иеленеді.
Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бай, шығармашылық кәсіби тәсілдерін жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлғаны тәрбиелеген мектеп. Бүгінгі күні мектебімізде бес жүзге жуық шәкіртке елуден астам ұстаз тәлім - тәрбие мен сапалы білім беру жолында аянбай еңбек етуде.
Гиманзия тарихында 25 «Алтын белгі», 35 Ерекше үлгідегі аттестат алушыларды тәрбиелеп шығарды.
«Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады»- дегендей гимназияда баланың қалыптасуына көптеген үйірмелер өз жұмысын атқаруда, атап өтсек, музыкалық студия: домбыра, қобыз, вокал, хор сыныбы, би ансамблі т.б. Сондай-ақ шахмат, тоғызқұмалақ, волейбол үйірмелері жүзеге асырылады.
«Сан қыранды самғатқан алтын ұямызға» 2022-2023 оқу жылына жаңа шәкірттерді асыға күтеміз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016