Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Дара тұлға- Ахмет Байтұрсынұлы
Сынып: 4
Дайындаған ұстаз: Нұрғожина З.А
Күні: 18.02.22
Мақсаты:
еңбектері туралы мағлұмат беру.
көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
Тәрбие сағатының өту барысы:
Мұғалім: ( көңіл толқыны ойнап тұрады)
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады.
Ахмет Байтұрсынұлы. Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.
Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады.
Ахмет тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де айналысқан. Орыстың классик мысалшысы И.А. Крылов мысалдарының бiр тобын аударған. Ендеше Ахмет Байтұрсынұлының мысалдарынан бір көрініс тамашалайық.
«Қасқыр мен қозы» мысалынан көрініс
Автор:
Бұлаққа су iшуге келдi Қозы,
Жанында серiгi жоқ, жалғыз өзi.
«Бәрi жоқ, десең шығар, бөрiк астынан»,
Пәле мен қаза алыс па келсе кезi.
Қаңғырған тамақ iздеп бiр аш бөрi
Қозыға жетiп келдi жайнап көзi.
Жемекке кiнә қойып сол арада,
Жала ғып, мiне, Қасқыр айтқан сөзi:
Қасқыр:
«Сен, Қозы, текке қарап жүре алмайсың,
Соқтықпа маған десем, тiл алмайсың.
Мойныңды қазiр жұлып алайын ба,
Суымды неге былғап, лайлайсың»
Қозы:
«Қасқыр, тақсыр, тоқта азырақ
Тергеңiз кiнәм болса ғадiл бiрақ.
Iзiңiз жатқан жерден төмен келiп,
Iштiм мен жүз қадамдай қашығырақ.
Бұл жерден ең аз болса бiр жүз қадам,
Мүмкiн бе лайлауға осы арадан
Сiз түгiл, өзгеге жоқ қиянатым,
Не шара жеткен болса бүгiн қазам»
Қасқыр:
Бекер ме, менiң сөзiм
Бiлесiң жалғаншы деп кiмдi өзiң
Әкеңдi алдыңдағы танимысың
Балам, сен байқап қара, ашып көзiң
Осындай сөздер менi күйдiредi,
Десем де шыдайын-ақ етiп төзiм.
Есiмнен өле-өлгенше кете қалмас
Былтырғы осы арада сөккен сөзiң.
Қозы:
«Кезек бер бiразырақ сөзге, тақсыр
Келемiн жарты жасқа күзге, тақсыр
Жаралып дүниеге биыл келсем,
Тиемiн былтыр неғып, сiрә, тақсыр»
Қасқыр:
«Ол енше сен болмасаң, сенiң ағаң,
Ойларың менi жоймақ, келсе шамаң.
Ит болсын, қойшың болсын, қожаң болсын,
Жауыздық ойлайсыңдар бәрiң маған»
Қозы:
«Нансаңыз ағам да жоқ, iнiм де жоқ,
Уа, қайыры нашарлықтан мiнiм де жоқ.
Нақақтан менi тақсыр күйдiресiз,
Жауыздық сiзге ойлаған күнiм де жоқ».
Қасқыр:
«Ол саған әлде күйеу, әлде құда,
Сүймейдi қой атаулы менi жүдә..
Иә бөлең, иә жиенiң, иә нағашың,
Әйтеуiр, саған ұқсас едi о да.
Қой заты талай жәбiр бердi маған,
Соларын мен де iстеймiн ендi саған.
Кегiмдi қойдан алмай кiмнен алам
Тауыспа о деп, бұ деп сөздi оған».
Қозы:
«Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ қой менiң,
Жәбiр қой бiреу үшiн күйдiргенiң»
Қасқыр:
«Үндеме! Жетер! Қазiр мұрсатым жоқ
Тұруға ақ-қараңды тергеп сенiң.
Алыпсың жаман әдет қарсыласып,
Сенiмен тұрам ба мен мылжыңдасып.
Айтайын, бiлгiң келсе, Қозым, саған,
Кiнәң сол- жегiм кеп тұр қарным ашып».
Автор:
«Шошиды Қозы байғұс құлқын танып,
Құтылар бiлгенменен онан нағып
Болсын ба Қозы жұмыс Қасекеңе,-
Жөнелдi иығына салып алып.
Орманға Қасқыр кеттi Қозыны алып,
Белгiлi етер iсi алып барып.
Осындай жазықсызды жазғыратын
Әр жерде күштiлер де бар ғой қалып.
Қасқырдың зорлық болды еткен iсi,
Ойлаймын – оны мақтар шықпас кiсi.
Нашарды талай адам талап жеп жүр,
Бөрiден артық деймiз оның несi».
-Қазағым , елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып» деп халқын келешекке бастаған ақынды ашындырған-патша заманының зұлым саясаты, зорлық-зомбылығы,қорлығы еді.
Мұғалім : Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...
Қарқаралыда мұғалiм болып жүргенде патша үкiметiнiң әдiлетсiздiгiне қарсы наразылық бiлдiрушiлердiң қатарында болғаны үшiн, 1909 жылы Семей түрмесiне қамауға алынады. Кейiн қазақ жерiнен тысқары жерде тұруға үкiм шығарып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңына дейiн Орынбор қаласында тұрады. Семей түрмесiнде жатқанда анасына арнап «Анама хат» атты өлеңін жазды.
Анама хат (бейнефильм арқылы көрініс көрсетіледі)
1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл , ойшыл бедел- атағы өсе бастайды. (Ақынның өлеңдері оқылады)
Ақерке:
Жазушының қанағаты
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,
Құлағын біреу салмас, біреу салар.
Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес,
Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Қайсысы ықыласын салып тыңдап,
Жаратпай қайсыбірі, теріс қарар.
Дүниеде сүйгенім бар, күйгенім бар,
Солардан аз да болса белгі қалар.
Қуанар:
Сөз иесінен
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса:
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!
Ахат:
Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
Құлсары:
Туысыма
Болармын нағып ырза туысыма?
Туыппын таршылықтың уысында.
Шамам жоқ жан-жағыма қол сөзарлық,
Тар көрдің тығылғандай қуысына.
Айта алмай шын сөзіңді, қорғалайсың,
Туғаның бүйтіп қор боп құрысын да!
Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса,
Мал ғұрлы мағына жоқ тұрысыңда.
Репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік.
Сот үрдісінен көрініс
ОГПУ тергеушісі, сұсты қатал үнмен:
-Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымы. Бұл партия Совет үкіметіне қарсы қастандықтар ұйымдастырған. Байтұрсынов-жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілдер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың айыбы.жасырын қазақ ұйымына неген және ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түрде ұлтшылдық бағыттағы «Алаш» партиясын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған.Қылмыстық істер кодекісінің 58 бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!
( тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)
Ахмет:
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп қашқаны...
Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
Айдай бер қалса адамның қуылмаған.
( Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайра шығады)
Ахмет:
Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары-көр,
Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.
Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,
Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.
(Атыстың даусы қойылады)
1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп, атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.
Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-
деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі қалпына келтірілді
Ахмет Байтұрсынұлы -еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі, соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы , баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
Қорытынды: “Сандықша” сұрақтары
Мұғалім:
Аққа деген жолымның , Абыройын ашпай, жап! - бұл шумақтар қай өлеңнен алынған?(“Тілек- батам”)
7 . Әйгілі орыс ғалымы Григорий Николаевич Потанинге тарту ретінде Москвада жарық көрген кітабы? (“Ер Сайын” жыры)
8 .“Қазақ қалпы” өлеңінде Ахмет Байтұрсынов қазақ елін неге теңейді? (Теңізде жүзіп жүрген еспесіз қалтылдақ қайыққа теңейді)
9 . А. Байтұрсыновтың “Ақын ініме” өлеңі кімге арналған? (Міржақып Дулатовқа арналған)
Жүргізуші: Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Ахмет рухына тағзым ете отырып, бүгінгі тәрбие сағатымызды әуенді нотада аяқтаймыз!
Ән: Алға, қазақ жігіттері!