Артық ғылым кітапта

13.10.2021

Артық ғылым кітапта...
Биылғы оқу жылында гимназия кітапханасы отандық классиктердің шығармаларымен,түрлі анықтамалықтар және ғылыми көпшілік басылымдармен,шетелдік әдебиеттермен толықтырылған болатын. Осыған орай жоғары сынып оқушыларына кітапханадағы жаңа кітаптарға «Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында «Танымның бар тамашасы кітапта,оларға қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа» деген ұранды басшылыққа алып, акция өткізіліп жатыр.Соның аясында жоғары сынып оқушыларына жаңа кітаптардың презентациясы ұсынылды.
Жалпы кітапханамыз оқушылар үлгі-өнеге алатын,ой өрістерін кеңейтетін көптеген құнды кітаптармен толықтырылған болатын. Мысалы: Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман –эпопеясы төрт кітаптан тұратын; «Көшпенділер»- Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаhар» атты үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы және де басқа шығармалармен толықтырылды.
Мысалға: «Жанталас»кітабында тарихта «Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама»деген атаумен қалған ұлы қырғын жоңғар шапқыншылығын сипаттаудан басталады.
Мәселен үздік шетел әдебиетінен:Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн»романы кітапханаға берілген болатын.Роман соңғы жарты ғасырда әлем назарын өзіне жиі аударған Ауған елінің ашық та,тұңғиық өмір шындығын,тыныс тіршілігін боямасыз бейнелейді.
Жалпы жаңа кітаптар оқушылардың көңілдерінен шықты.Өте қызығушылық танытты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016