Буккроссинг –саяхатшы кітап...

21.04.2021

Буккроссинг –саяхатшы кітап...
«Кітап оқымаған елдің болашағы бұлыңғыр»,- деген аталы сөз бар.
Көркем әдебиеттерді,әлем классиктерін сақтау мен оқушыны кітап оқуға қызықтыру мақсатымен Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық гимназия кітапханасында «Буккроссинг»- «Кітап алмасу» акциясы ұйымдастырылып отырылады. Яғни,буккроссинг дегеніміз - оқырманмен жұмыс жасаудың жаңа тәсілі-(bookcrossing)-хобби,әлеуметтік желілер қағидаты бойынша жұмыс істейтін қоғамдық қозғалыс.Адам кітапты оқып болған соң,оны басқа адам тауып оқуы үшін қоғамдық орынға қалдырады.Бұл ойын 2001 жылы АҚШ-та пайда болған екен.Интернет- технология маманы Рон Хорнбэкер үйінде көптен жиналып қалған кітаптарға «осыншама рухани байлыққа жалғыз өзім ие болғаным дұрыс емес» деп,көпшілікке тарата бастаған.
Осы жақсы үрдіс гимназиямызда жандана түсуде.Оқырманды кітап оқуға тарту мақсатында 6- сыныптармен буккроссинг ұйымдастырылды.
Оқушылар үйлерінен әкелген көркем әдебиет,тарихи шығармаларды өзара алмасты.
Буккроссинг оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуда зор ықпал етеді.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016