Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«Алғыс – жүректің естелігі»

05.03

Тақырыбы: «Алғыс – жүректің естелігі»

Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Оқушылар  арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 

Түрі: Тәрбие сағаты
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс

Қажетті құралдар: жүрекше, карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар, майшам. 

Тренинг жоспары:

  1. Сәлемдесу.
    2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
    3. «Өз ойыңды білдір»
  2. «Жаныңда жүр жақсы адам.......»
  3. «Жалғасын тап»
  4. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.
  5. Сергіту сәті. 
    8.  Қорытынды. «Майшам» жаттығуы.

Ұйымдастыру:
Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден - бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін айтасыздар деп үміттенемін. Мен де алғыс айтуға асығайын.. Ендеше «Алғыс – жүректің естелігі» атты тренингімізді бастаймыз. Айтпақшы, РАХМЕТ!!!

1.Сәлемдесу.  Оқушылар шеңбер жасай тұрады.

Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

- Ал қане, шаттық шеңберін құрайық. Үстел үстіндегі қағаздарды ала қойыңыздар. Енді екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір - біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі смайликтің суреті тұрса, қолдасып амандасып жылы сөздерді айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір - бірімізге жылы қарап амандасып, тілек айту керек.

  1. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
    Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек. 
  2. «Өз ойыңды білдір»
  • 1)Алғыс пен ризашылық дегенді қалай түсінесіңдер?
  • 2)Адам  өзінің  ризашылығын,  алғысын  қандай  сөздермен  білдіреді?

3)Сендерге  кім  қандай  жағдайда  алғыс  айтты ?

 

  1. «Жаныңда жүр жақсы адам.......»

Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..

  1. «Жалғасын тап»

1.Алғыс алған арымас,

Қарғыс алған жарымас.

  1. Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.
    3.Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйы.
    4. Қағынған қарғыс алар, Қарасқан алғыс алар.
    5. Қайырымдылық жасасаң, Қайырын өзің көресің.
    6. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
    7. Алғыс алған шеккі емес,
    Қарғыс алған көктемес.
  2. Адамдықтың нұры бол,
    Адалдықтың құлы бол.
  3. Жақсыдан жылы сөзіңді аяма.
  4. Ел алғысын алсаң,
    Елеулісі боларсың.

11.Құр алғыс азық болмайды.

  1. Жақсылық еккен алғыс орады.
  2. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.

Мақсаты: иық, мойын омыртқаларындағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту.

Мұғалім: Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды.(жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Сезінеміз.

Талдау: Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма? Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? Өз сезім күйлеріңізбен бөлсіңіздер.

  1. Сергіту сәті. 
    - Жағдайыңыз қалай?
    - Жақсы! (саусағымен көрсетеді)
    - Тренингке қалай келдіңіз?
    - Былай! (екі саусақпен жүріп көрсету)
    - Түнде қалай ұйықтайсыз?
    - Былай! (көзін жұмып, басын қисайтып)
    - Қалай жүгіресіз?
    - Былай! (жүгірген қимыл көрсетеді)
    - Қалай ренжисіз?
    - Былай! (екі ұртын томпитып,)
    - Көңіл - күйіңіз қалай?
    - Өте жақсы! (саусағымен көрсету)
  2. Қорытынды. «Майшам» жаттығуы. 
    Қазір мен майшамды жағамын. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп, жұмыс жасағанымыз үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз.

«Автограф» ойынын ойнату. Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар тілектерін жазуы қажет.

Пікірлер себетін толтыру.

Қорытындылау:
– Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.

Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз. Рахмет!

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер