2019-2020 оқу жылы бойынша математика, информатика және физика пәндері бойынша
есеп беру.
Оқушы сабаққа қызығушылық танытса, оқу материалын табысты меңгереді. Пәнге деген қызығушылықты арттыру, дамыту – мұғалімнің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Мысалы кейбір оқушылар тапсырманы дұрыс және тез шеше алынатын болса, демек оларда математика пәніне қызығушылығы арта түседі, сондай-ақ оқушы қуана сабаққа қатысады. Ал кей жағдайда қызығушылықты арттыру мақсатында кейбір оқушыларға пән бойынша, қосымша жұмыс берілуі тиіс. Жұмыс кезінде сабақтан кішігірім ауытқулар болуы мүмкін: оқушыларға тарихи мәліметтер хабарланады, софизмдер, практикалық мазмұны бар тапсырмалар беріледі. Сол себепті сабақтан тыс уақытта пән бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізілуі тиіс. Айтарлықтай осы жұмыстың түрлері келесі болуы мүмкін: үйірме, экскурсия, викторина, сайыс, үздік математикалық ертегі, міндеттеме, газет шығару, математикалық кештер және тағы басқа.
Жыл сайын біздің мектепте 5-9 сынып оқушыларына арналған дәстүрлі МИФ ( математика, информатика және физика) пән апталығы өткізіледі, бұл апталықты өткізу жақсы дәстүрге айналды, биылғы жылы пән апталығы 2020ж 20 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында өткізілді.
Пән апталығының мақсаты: математикалық цикл пәндерін зерттеу, оларға деген қызығушылықты арттыру, сабақты оқу үшін барлық мүмкіндік жасау, оқушының білімін кеңейту..
Міндеттері: 1.Математика циклы пәндері бойынша оқушылардың білімдерін бекіту. 2.Қысқа уақыт аралығында тапсырмадан ең негізгі ойды іріктеп алдыру, оны талдау; шығармашылық қабілеттерін дамыту және танымдық қызығушылыққа ықпал ету; оқушылардың ой-өрісін кеңейту, бар білімдерін, іскерліктерін шоғырландыру;
Қарсыластар арасында сыйластық, мейірбандық қарым- қатынасты қалыптастыру, арасындағы болатын түсінбеушіліктін алдын алу, ұжымда жұмыс істей білуді үйрету.
Математика, информатика және физика апталығында осы пәндер бойынша тақырыпқа байланысты апта бойы бейнесюжеттер, немесе шағын бейнефильмдер оқушыларға көрсетілді, сондай-ақ осы пәндер бойынша сабақта әр-түрлі көрмелер көрсетілді. :Математика және информатика апталығының бірінші күннен бастап 7-9-сыныптарда "қызықты тәжірибе - физика "пән бойынша сабақ басталды, мұғалімі (Т.М. Ильясов). 7-9 сынып оқушылары тақырып бойынша сөзжұмбақты жұмыла шешіп жатты, сонымен қатар физика және математика пәндері бойынша кроссворд құрастырып жатты, оқушылар "Физика-біздің айналамызда", "Өзім ойынаймын" зияткерлік ойындарға қатысты. Республикалық қашықтық зияткерлік ҚИО олимпиадасына қатысты.
5-6-сынып оқушылары математика пәні бойынша "Кім миллионер болғысы келеді", "қандай тамаша және күрделі математика елі" ойын-сабақтарына қатысты, мұғалімі (О.А.Осадчая). Оқушылар үшін бұрын белгісіз қызықты фактілер белгілі болды, олар тапсырмалардың мен көптеген шешімдердің жауабын тауып жатты, жаңа мүмкіндіктер ашылды.
"Математика ғажайыбы" апталық бойы кітапхана ішінде көрме жұмыс істеді. - кітапханашы(М.А. Ербатырова)
Сондай-ақ математика бойынша газеттер байқауында 8-сынып оқушылары жеңімпаз болып танылды. 9 сынып оқушылары 23 қаңтар күні "Математикалық кафе" оқу залына кіріп шықты- мұғалімі (О.А.Осадчая)
Ойынға 2 командадан 2 адам қатысты. Ойын іскерлік атмосферада өтседе, оқушылар көңілді уақыт өткізді. Қатысушылар ойынға белсеңді кірісіп кетті, тапсырмаларды шешіп бал жинауға тырысып жатты сол сияқты барлығымыз зияткерлік ойынға шоғырланып- біздерге оның өтуі жағымды әсер қалдырды. Қатысқан 2 команданың арасында екіншісі жеңімпаз болып табылды. Олар 1 команда оқушыларын 2 балл айырмашылығымен жеңіп шықты. Дегенмен, барлығы жеңімпаз - өйткені бұрын кездеспеген тапсырмалармен танысты, оларды жетілдіре алды, және де олармен жұмыс істей білді, тәжірибелерін толықтырды. Ойын кулинарлы десертпен аяқталды.
Балалар физика, информатика және математика пәндері керек екеніне, өмірде маңызы зор екендігіне көз жеткізді, ал – осы ғылымның қызықты және еліктіргіш болатынына біз кепілміз. Барлық жоспарланған іс-шаралар берілген уақытқа сәйкес, жақсы қарқында жүргізілді, сайыстардың тапсырмалары қызықты болғандықтан танымдық мазмұны артты; ұйымдастырушы -мұғалімдердің тарапынан конкурстар мен бақылаулардың қорытынды есебі жүргізілді.
Әдістемелік бірлестік мүшелерінің жұмысы үйлесімді болғаны байқалды, өзара көмек және қолдау дер кезінде көрсетілді, іс-қимылдардың нәтижесі қуантады. Барлық әдістемелік бірлестік мүшелері өздеріне жүктеген міндеттерді орындады, апталықтың негізгі міндеттеріне, қойылған мақсаттарға жауапты, дұрыс қарау арқасында қол жеткізе алды.
Математика, физика және информатика апталығын қорытындылай келе келесі жағымды аспектілерін атап өткен жөн. Оқушылардың жалпы бірлескен жұмысын дәл және уақытылы жоспарлау, сондай-ақ пәннің оқуына қатысты мынадай жаңалықты тарту:
-оқушы шығармашылық жағынан белсенді болуы үшін ықпал жасау, одан тұлғаны қалыптастыру бағытта дайындық жүргізу, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету, іс -шараларды жоспарлауда оларды үлкен санмен өткізу - ұжымда өзі-өзін көрсетуіне бұл жұмыстар мүмкіндік туғызады және оқушыда жауапкершілік сезімін тәрбиелейді, негізгі білімін дамытады.
-бар білімді және іскерлікті ары қарай жетілдіру соған сүйене тұрып мазмұнды, әдістер мен формаларды дамыту, типтік тапсырманы шешуінде арнайы шеберлікті меңгеру, әр жұмысты практикалық жағынан жетілдіру; әдістерді, таңдау идеяларын, танымдық қабілетті логика әдістерін қолдану, шығармашылық қызмет үшін жағдай жасау осылар бойынша оқушының деңгейін саралау. Өзіне баға қояды және бақылау жүргізе алады.
-стандарттан айқын асып түскен көреген оқушыларды анықтау.