1.Білімділік : тнасыбай мен снюстің зияндығын айту, сонымен қатар зиянды әдеттерден аулақ болуды үйрету
2.Тәрбиелік: қазіргі қоғам талабына сай салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу
3.Дамытушылық: осы зиянды заттардың салдары туралы білімін кеңейту,оқушының ой-пікірін ортаға салу.
Көрнекілігі : интерактивті тақта,плакат,кеспе қағаздары
Сабақтың барысы :
I-кезең Ұйымдастыру
1. оқушыларға сабақтың тақырыбы,мақсаты,барысы айтылады
2.сынып үш топқа бөлініп,топ басшысы сайланады.
1-Кіріспе
Снюс-жастар мен жасөспірімдер арасындағы жаңа "сәнді" сигареталардың аналогы. Алайда "аналогы" дегенмен ол "зиянсыз" дегенді білдірмейді. Снюс өте қауіпті, ол әдеттегі темекіден 7-10 есе улы және өте тез никотин тәуелділігін тудырады. Снюске психикалық және физикалық тәуелділік әдеттегі темекі тәуелділігінен әлдеқайда күшті. Түтінсіз темекіні пайдалану кезінде никотин мен басқа да заттар сілекейге бөлініп, бірден ауыз қуысының шырышты қабығы арқылы қанға түседі. Снюстегі никотин мөлшері темекінің құрамына қарағанда бірнеше есе көп және бұл бала организмі үшін қауіпті дозасы. Снюсті пайдаланудан бас тарту-шылым шегуден бас тартуға қарағанда әлдеқайда қиынырақ.
ТҮТІНСІЗ ТЕМЕКІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ САЛДАРЫ
1. Снюсті тұтынған кезде ең бірінші ауыз қуысының шырышты қабығы зақымданады, бастағы ауырлық, апатия, күрт сілекей бөлу және бас айналу түріндегі жағымсыз әсерлер пайда болады.
2. Ауыз қуысының, ұйқы безінің, өңеш пен өкпенің онкологиялық ауруларының дамуына әкелуі мүмкін.
3. Түтінсіз темекіні ұзақ уақыт пайдалану парадонтозға, тістің бұзылуына, ауыздан жағымсыз иістің пайда болуына, тахикардияға, гипертония, бедеулікке әкеледі.
4. Темекінің осы түрін пайдаланушыларда жоғары агрессивтілік және қозу немесе керісінше, апатия және эмоциялық дисфункция байқалады
5. Снюс когнитивті процестердің нашарлауына, жадының және назар аударудың бұзылуына әкеледі;
6. Сондай-ақ түтінсіз темекі ағзаның жұқпалы ауруларға төзімділігін әлсіретеді.
7. Никотиннің артық дозалануы өлімге әкелуі мүмкін.
ЕГЕР СІЗГЕ БІРЕУ СНЮС ҰСЫНҒАН ЖАҒДАЙДА:
· Таныс немесе бөгде адам темекінің осы немесе басқа түрін ұсынса ешқандай жағдайда оның дәмін татып көруге келіспеңіз. Жанжалға түспей, сыпайы бас тартыңыз
· Егер сізге шайнайтын кәмпиттер ұсынылса, олардың шығу тегі мен қауіпсіздігіне сенімді болмасаңыз, жеуге асықпаңыз.
· Достарды және таныстарды осы затты пайдаланудың зияны туралы ескертуге және оны пайдаланбауға сендіруге тырысыңыз.
Қазақстанда бас санитар дәрігердің қаулысымен бұл өнімді пайдалануға уақытша тыйым салынған. Сондықтан снюсты сауда сөрелерінен көрсеңіз Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне хабарласуды сұраймыз. Сенім телефоны 23-70-22.
Есіңізде болсын, аурудың салдарымен күресуге қарағанда, қайғының алдын алу оңайырақ. Өз денсаулығыңызды сақтаңыз!
Насыбай (нас, мұрын, айс) – ежелгі Орта Азия елдерінде: Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түркменстанда, Қырғызстанда, Ауғанстанда, Қазақстанның оңтүстік және Қытайдың Батыс өңірлеріндегі халықтардың көп пайдаланатын темекі өнімінің шегілмейтін түрі.
Насыбайды үй жағдайларында бейберекет жасай береді. Оның негізгі өнімдерінің бірі-махорка мен темекі, ал оған қосымша қосатын өнімдері –сөндірілген әк, тауық саңғырығы немесе түйе тезегі, әртурлі өсімдіктер күлі, желім май болып табылады. Насыбайдың құрамында қорғасын, сынап кадмий және мышьяк сияқты адам ағзасына зиян келтіретін ауыр металдар бар. Насыбайдың дәмін жақсарту үшін әртүрлі дәмдеуіштер қосады. Насыбай кішкене «түйіршектер» түрінде және қара-жасыл түсті түйіршектер күйінде сатылады.
Насыбайды пайдалану салдары:
* Никотинге тәуелділік, адам ағзасы үнемі насыбайды қажет етіп тұрады.
* Жасөспірімдердің оқу материалдын есте сақтау қабілеті және мидағы психологиялық өзгерістердің бұзылуы.
* Ауыз қуысы мен көмей обыры ауруы.
* Ми тамырларының қысылу салдарынан инсульт және инфаркт болу қаупі.
* Тістің бұзылуы және қызыл иектің зақымдануы.
* Әк-ауыз қуысы сілекейі арқылы жұту салдарынан, гастрит пен асқазан жарасының пайда болуы.
* Тазалығы жоқ үй жағдайларындағы өнімдердің салдарынан болатын ішек инфекциясы.
* Бала туу функцияларының бұзылуы және белсіздік.
* Насыбайға қосылған ауыр металдардың салдарынан бүйрек және бауырдың улануы.
Біліңіз ! Насыбайды пайдалану- аса қауіпті және еріккен іс.
Насыбай адам денсаулығына өлім қауіпін туғызады. Өздеріңізді және балаларыңызды осы қаупті дағдылардан сақтаңыз.
«Семей қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы»
IY-кезең Мақал мәтел жарысы
Бұл кезеңде топтар кезектесіп мақал айтады. Ең көп мақал айтқан топ жеңімпаз атанады. Топтар ең алдымен топ ішінде 2-3 минут дайындалады.
1-топ: Ауру қалса да, әдет қалмайды.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Тәні саудың - жаны сау.
Ауру баптандап кіріп, мысқылдап шығады.
2-топ: Іздеп алған аурудың емі табылмас.
Аурудың алдын ал.
Тазалық – саулық негізі.
Саулық – байлық негізі.
3-топ: Жігіттің дені сау болса – сол дәулет.
Ауру қадірін сау білмес,
Аш қадірін тоқ білмес.
Ауруын жасырған өледі.
Бас аман болса, бөрік табылады.
V- кезең Ситуациялық жағдайлардан шыға білу
1.Сенің достарыңның бәрі насыбай .Ал сенің насыбай атқың келмейді, сол үшін олар сені шеттете бастайды.сен олардан бөлініп кете алмайсың.Не істер едің?
2.Сенің өте жақсы көретін досыңның аузынан ептеп арақтың иісі шығатынын бір-екі рет байқадың.Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ.Ата-анасыны айтайын десең досыңның көңілін қимайсың.Сен досыңды қалай құтқарар едің?
3.Саған 11-сынып оқушысы «Маған күніне бір қорап темекі алып бер.Екеуміз бірлесіп шегеміз.Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық.Әйтпесе...» деп жұдырығын көрсетіп шарт қойды.Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?
VI-кезең Плакат қорғау.
Бұл кезеңде әр топ өз плакаттарын қорғайды.
VIII-кезең Қорытынды.
Жарайсыңдар ! Мен сендерге сенемін ! Кей адамдар көңіл көтеріп, демалу үшін , ренжігенін басу үшін шылым шегіп , ішімдік ішеді, насыбай атады. Ал оның адам өміріне соншалықты зиянды екендігін өздерің де атап өттіңдер. Бұндай сезімнен арылу үшін жанға жайлы музыка тыңдау керек. Күй .