1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні сценариі
Көшбасшы сабақ тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
1 – жүргізуші: Милана:
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
2 – жүргізуші: Альбина:
Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 1
– желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын ашық деп жариялймыз!
(Гимн)
2 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектеп директоры _____________________ беріледі
Марапаттау рәсімі. Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты аулымыздың көркеюі мен экономикасының өсуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталады.
1-жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір баянян тамашалаңыздар
Бейне таспа:
«Елбасының өмір жолы «Елі үшін туған - Елбасы» (6,27 минут)
1 жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда – Тұңғыш Президент күні. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған мереке.
2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектептің «Жас Ұлан» оқушылар ұйымына беріледі. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында " Жылдар сөйлейді" атты сахналық қойылымды тамашалаңыздар.
Презентация .(Фон: Музыка қою Қамар 5 сынып)
Отбасы және балалық шағы
Қызмет жолы
Отбасылық жағдайы
Ғылыми еңбектері
1-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы.
2-жүргізуші: Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін жақсы білеміз.
1-жүргізуші: Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.
2-жүргізуші: «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
2 сынып оқушыларының ұрандары
Назерке: Аты озған дүниедегі дүбірде
Елбасымен кім мақтанбас бүгінде?!
Бірге: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!
4 сынып шағын монтаж
Әділет:
Бабалардың мұрасы,
Аталар мирасы
Бар байтақ даласы
Біз қазақ баласы.
Назым: Дәстүрді сақтаған
Жеті ата бабасын
Жадына жаттаған
Біз қазақ баласы
Халықтық салт нұсқа сөз сайыс айтысқа
Бар ынта таласы
Біз қазақ баласы!
Елнар: Қобызын күңіренткен
Қолында күй шерткен
Домбыра сырласы
Біз қазақ даласы
Оқуда өнерде үздікте шеберде
Ұрпақтар жалғасы Біз қазақ баласы
Сабина: Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елнар: Елім менің –тірегім,
Құшағында гүл атам.
Назым: Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Әділет: Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
Ән: "Нұр Отан" (3 сынып)
2-жүргізуші: Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше сөз 8 сынып оқушылары кезегін берейік.
Өлең оқу. (8 сынып оқушылары өлең оқу)
Елбасының нақыл сөздері (7 сынып оқушылары)
1-жүргізуші:
Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.
Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
2-жүргізуші:
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп
Ән: «Елбасы елбағы» (5 сынып оқушылары)
1-жүргізуші
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы,
2-жүргізуші:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
1-жүргізуші «Тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
2-жүргізуші:
Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын!
Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын
1 жүргізуші: Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Бірге: Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын!
2-жүргізуші: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.