Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Мақала "7 мамыр Отан қорғаушы күні"

08.05

Мақала

Биыл, Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің  құрылғанына 25 жыл. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың 7 мамырында сол кезге дейін Мемлекеттік қорғаныс комитеті болып келген орган  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.  Ата – бабамыз мұра ретінде қалдырған ұланғайыр жерімізді бүгінде ержүрек ерлер қорғап келеді. Отан қорғаушы! Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Президентіміздің: «Патриоттық рух бізге ауадай қажет», деген сөзі ақиқат. Өйткені, отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. 
Сондықтан біздің бүгінгі күнгі басты мақсатымыз – өскелең  ұрпақтың патриоттық сезімдерін нығайтып, ғибрат аларлықтай, үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді азаматтар тәрбиелеу. Осы орайда біздің мектебімізде Отан қорғаушы күні 7 мамыр да арнайы аталып өтеді. Сондай- ақ мектебіміздің оқушылары  аудандық , облыстық іс- шараларға да белсенді ат салысуда. Айтулы мерекеге қатысты аудандық білім бөлімінің «Қарулы күштерге – 25 жыл» атты шығармалар сайысына 8 «а» сынып оқушысы Манап Ербұлан қатысып, 2 орынға ие болды. Ербұлан шығармасында  Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің негізін қаланып, биік белестерге бастап, еліміздің шекарасын , қауіпсіздігін бекемденуін арқау етті. Соның арқасында Қарулы Күштеріміз аймақтағы тұрақтылық кепіліне айналғандығы сөз болды.

          Сондай – ақ еліміздің бүгінгі елеулі оқиғалардың бірі және бірегейі болған , Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанының 72 жылдығына орай ұйымдастырылған, 2017 жыл 3 мамыр күні өткен, облыстық  «Оқыған адам – табысты адам» атты мәнерлеп оқу сайысына мектебіміздің 8 «А» сынып оқушысы Бердентегі Қуаныш қатысты. Қуаныш Сырбай Мауленовтың «Тыңда, дүние, тыныштық үнін» атты өлеңін оқып, оза шығып, 1 орынға ие болды. Бұл  - халқымыздың ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Ұлы Отан жеңісі арқылы болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға тәрбиелейміз.


Оқу ісі меңгерушісі:   Аяпбергенова Әсем Сайранқызы


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер