Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Балалар еңбегімен күрес күніне орай 8-9 сыныптар арасында «Бала еңбегін пайдалануға қарсымыз» атты дөңгелек үстел өтті.

08.06

Бүгін  күні біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, Егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы қаулысын жариялады. Елбасы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті. Көптеген адамдар санасында «Құқық» ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланыстырады. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармауымыз керек.Осыған орай 8-9 сыныптарда   «Бала еңбегін пайдалануға қарсымыз» атты Адырбаева М.Ж. мен Абденкина Н.Б.  дөңгелек үстел өткізді. Бұл дөңгелек үстелге 8-10 сынып оқушылары  қатысты. Ең бірінші Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заңнамаларға тоқталып өтті.  Дөңгелек үстел «жаман қылықтан арылайық» атты тренингпен басталды.  Оқушыларға  мынадай сұрақтар қойылды. «Бала құқығы дегеніміз не?»  «Балалар неге жұмыс істемеуі керек?»  Оқушылар жағдаяттардың шешімдеріне өте жақсы жауап берді.Соңынан "Бала еңбегін қанау қатаң қадағаланады" атты бейнефильм тамашалады.  Бейнефильм үзіндісі балаларға жақсы әсер қалдырды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер