Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына пікір

02.06

Біз, «№ 26 мектеп- балабақша» КММ-нің ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Қазақстан халқына «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын мұқият тыңдап, зерделей ой түйдiк. Бұл мақала «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауының заңды жалғасы іспетті. Елбасы елдің бүгіні мен болашағы туралы ой толқындарын – қуатты сезім ағысымен жүректен өткізе отырып толғана, тебірене сыр шерткенде, таңданыстан бас шайқамау қиын. Оның Отанға, елге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігі сүйсінтеді.
  Елбасы айтқандай, сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңісті болып қалған таптаурын қағидалардан арылып, рухани жағынан серпілуіміз, жаңғыруымыз қажет. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. Әрине, ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, балабақшадан, мектептен берілері анық. Жоғары оқу орындарында ол одан әрі тереңдетілуі тиіс. Сондықтан ата-ана да, орта мектеп пен жоғары оқу орындарының ұстаздары да ұлттық тәрбиені бірінші кезекке қойғаны абзал.
   Және де Елбасымыз мақалада: «Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз». Өз тілінде терең білім, жан-жақты ақпарат алған адам қай ортада да өзін еркін ұстайды.
  Президентіміздің латын қаріпіне жүйелі түрде өту, Туған жер, Туған ел бағдарламасы мен бірге қазақ жерінің тарихи-туристік белдеулерін түзу, заманауи қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз ғана үлес қосып жүрген 100 азаматтың есім-сойын анықтау, қазақ зиялылары мен олардың шығармаларын шет елдерде насихаттау деген ойларын қуана құптаймыз.

 

Тарих пәнінің мұғалімі

Алина Гульмира Канашевна


    

 

 

 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер