Кезекті оқу жылы да аяқталып, әр оқушының мектеп өміріндегі бір белесі артта қалды. 23 мамыр күні 4 –сыныптың сынып жетекшілері Найманова Н.А, Альжанова Г.М бастауыш сыныппен қоштасу мерекелік іс- шараны өткізді. Мерекелік іс-шарада оқушылар ата-аналары мен ұстаздар алданда өз білімдері мен өнерлерін көрсетті.
Ұстаздың әр баланың бойындағы қабілет-қарымды ұштаудағы орасан еңбегі тайға таңба басқандай артық сөзсіз-ақ көрініп тұрды.
Содан болар, бүлдіршіндерді оқуға ғана емес, өнерге де бейімдей білген ардақты ұстазға оқушылар ризашылықтарын білдірді.

