Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

25.05

                       

Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр – деп ақын ағаларымыз жырлап кеткендей, осынау бір сырлы өлең жолдарымен 25 мамыр күні гимназиямызда «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты жылдағы үрдіспен салтанатты жиын болып өтті.

               

Жиынға Білім басқармасы басшысының орынбасары – Хасенова Айгуль Кенжеканқызы, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары – Протопопова Татьяна Николаевна, Петропавл қаласы әкімдігінің заңгерлік бөлім басшысы – Серикбаева Анар Мейрамқызы, тарих ғылымдарының докторы, ғылыми хатшы - Ибраева А.Г., тыл еңбеккері, зейнеткер- Абдрахманов Тілек Айтынұлы сынды қонақтар қатысты. Гимназия директоры Мұқанова Күлтай Ахметқызы мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған жұртшылықты соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі.

                 

Сонымен қатар гимназия мақтаныштары жылдағы дәстүр бойынша «Сафуан сыйақысымен» марапатталып, «Жыл сыныбы-2017», «Жыл сынып жетекшісі-2017», «Жыл оқушысы – 2017», «Жыл спортшысы-2017», «Жыл өнерпазы-2017» байқауларының қорытындысы жарияланып, марапат иелеріне арнайы сертификаттар мен кубоктар табыс етілді. Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең, ән – жырларымен мереке сәнін кіргізді.

               

Мереке соңына қарай ата – аналар сөз кезегін алып ұстаздарға ізгі тілектерін, ризашылықтарын білдірді. Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11-сынып оқушылары Әнуарбек Алтынбек, Куспекова Эльнара және 1-сыныптың үздік оқушылары Кусаинова Айлин, Бейсенбаева Рысбикеге табыс етілді. Осылайша сыңғырлаған қоңырау үнімен қоштасқан мектеп бітіруші түлектер ұстаздар қауымымен қимай қоштасты. Мерекелік жиын өте жоғары деңгейде өтті.

               


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер