13 мамыр күні 4"а", 4"ә" сыныптарында "Қош бол бастауышым" атты кеш өтті. Бастауышпен қоштасу кешіне ата-аналар, ұстаздар келіп, оқушылардың дайындаған бағдарламалық концертін тамашалады. Концертте оқушылар вальс, флеш моб билеп көрермендерді қуантты.
Концерттік бағдарлама барысында оқушыларға мақтау қағаздары, дипломдары, ата-аналарға алғыс хаттары табыс етілді. Кештің соңында ата-аналар тілектерін айтты. 4 "а", 4 "ә" сыныптартарының сынып жетекшілері оқушыларына сәт-сапар тілеп түлектерін құттықтады.
Салтанатты бағдарлама фейерверк шашуларымен аяқталды.

