Алтыншы мамыр күні Ж.Ташенов атындағы №20 орта мектептің аға тәлімгері Байдалина Диана Амангелдіқызы Жеңіс күніне орай мектеп оқушыларын «Жасұлан» ұйымына қабылдау рәсімін өткізді. Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеуді мақсат еткен ұйымға 6 оқушы қабылданды. Оқушыларға төсбелгілер тағылып, ант қабылданды. Кеш соңында жасұландықтар хормен ән шырқады.