Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысына қатысқын қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатда, 6 мамыр күні мектебімізде «Ұлы Жеңіс жасасын» атты мерекеге іс- шара өтті. Оқушылар «Соғыс», «Отан үшін- отқа түс», «Әлия мен Мәншүк» тақырыбында көріністер қойып, жүректен шыққан ән,жыр шумақтарынарын арнады.


