Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Қыз- ұлт мақтанышы

11.05

 
2017 жылдың 11 мамыр күні  Қызылжар  орталық мешітінің «Әжелер мектебі» ұжымының «Қыз- ұлт мақтанышы» тақырыбында  іс-шарасы біздің қазақ мектеп- гимназиясында өтті.
Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы әже болары табиғат жолынан белгілі. Сондықтан иманы мен ибалы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген.
Әйел - шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты. Дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. Өңірімізге танымал Сапура қажы, Салима қажы, Ырысжамал қажы,ардагер- ұстаз Қымбат Есмұқанқызы, «Қыздар»  мектебінің жетекшісі Халида апай т.б. осы тақырып бойынша салиқалы сөздерімен, ұшқыр ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Іс- шараға «әл- Фараби» мектеп- лицейі, әбу  Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған  гимназия- интернаты, Сафуан Шаймерденов атындағы қазақ классикалық гимназия, Назарбаев зияткерлік мектептерінен оқушы қыздарымыз да қатысты.Әжелер мен қонақтардың  құрметіне тақырыпқа сай әндер  шырқалды.
Технология пәнінің мұғалімі Аққу Қайыргелдіқызы ою оюдың түрлі әдіс- тәсілдерімен таныстырды. Сонымен қатар осы іс-шара аясында мектебіміздің директоры Б.Ахмадиқызының қолдауымен , мектебімізде «Аналар» мектебі де ашылды. Бұл бастама жалғасын табады деген ойдамын.Батырлық пен қайраттылықты өн бойына қатар жинап, биязылығымен өзін бағалата білер қазақ қызының таза да тұнық болмысы - тектілігіміздің айнасы.
Сондықтан да қыздарымыз қоғамдағы алатын өз орнын біліп, көңілге қаяу түсірмесе екен дейміз. Бұл өте дұрыс, себебі қыздарымыздың, жалпы жас ұрпақтың тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы.
 







Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер